24.09.2020 жылы Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебі" бойынша жалпы ата- аналар жиналысы өтті. Жиналыста оқушылардың беймезгіл уақытта жүрмеуі, көлік рөліне отырмауы, темір жолдың арнайы жаяу жүргіншілерге арналған жерлерімен өтуі керектегі ескертілді. Қазыргі таңда санитарлық талаптардың орындалуы талап етілді. Сонымен қоса "Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан берілетін бір реттік көмек" жайлы 64- қаулымен және ондағы өзгерістермен әлеуметтік-педагог таныстырып өтті. Өтініштер қабылданып, сұраныстар аудандық білім бөліміне тапсырылды. Таяу күндері 22 оқушыға куртка және 5000 теңге көлеміндегі сабаққа қажетті құралдар таратылады. Мектеп педагог-психологы Ардақ Борашқызы "Мен өмірді таңдаймын" тақырыбында оқушылардың қашықтықтан оқу кезіндегі ата-анамен қарым қатынасы жайлы өз кеңесін берді, ережелерді де тағыда ескертіп айтты.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебі" бойынша жалпы ата- аналар жиналысы өтті