Әлемде "Плоггинг" деп аталатын жаңа фитнес-тренді салауатты өмір салты мен экология қамқорлығын біріктіретін ұғым. Оны 13-ші қараша күні Қызылжар ЖОББ мекенінің жас ұстаздары жүзеге асырды.Іс-шараның негізгі мақсаты жастардың табиғи ресурстарды күту және сақтау мәселелеріне тарту, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын сақтау болып табылады. Акция нәтижесінде 300 кг жуық қоқыс, шашылган жапырақтар жинап,мектеп ауласын тазартты. Шара қатысушыларына қымыз сусыны табысталды. Бұл іс- шараны Қызылжар мектебінің волонтёрлар ұйымының жетекшісі және мектеп тәлімгері қолдады. Акция кезінде санитарлық гигенамен әлеуметтік қашықтықтың барлық шаралары сақталды.Біздің табиғатымызға қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамыз!! Аталмыш шара жалғасын табады деген ойдамыз. Плоггинг эстафетасын көршілес жатқан Жаңаарқа ауданының Түгіскен, Ералиев ауылдарының белсенді жастарына жолдаймыз !
Плоггинг