Ата- аналарымен кездесу
13 қыркүйек "Отбасы күніне" орай мектеп басшысы Дүйсенбай Соқабайұлы ZOOM платформасы арқылы мектебіміздің ата- аналарымен кездесу өткізді. Барлық ата- аналарды келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Сонымен қоса қашықтан оқу кезіңі мен дәстүрлі оқу жағдайында сөз өрбітті. Оқу және тәрбие орынбасарлары А.Жамбекова мен Г.Каденова "Қашықтықтан оқудың бүгінгі жай - күйі" және "Мектепке жол" акциясы жайында өз есептерін берді. Кітапханашы Ж.Оспанова 2020-2021 оқу жылындағы оқушылардың оқулықпен қамтылуы жайында айтып өтті. Ата- аналар пікірлерін білдіріп, мектеп басшысына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.