Мектебімізде "Ортақ ой-нәтижелі іс" атты аудандық информатиктер семинары өтті. АББ -нің әдіскері Дана Советханқызы бастап келген информатиктер өз тәжірибелерімен бөлісіп, бірнеше сабақ беру әдістерімен бөлісті. Мектеп басшысы Д.Жайлаубаев семинар қатысушыларын қарсы алу шарасынан бастады. Семинар мақсаты бойынша сабақтар өтті. Атап айтсақ Кульмагамбетова Г.С 6Б- сыныбында "Сахна және кейіпкер" , Базылова Айгүл 4А - сынып "Sound in presentations", Достаева Жүзім 5Б- сынып "Менің алғашқы программам" , Асамиданов Жасқайрат 11-сынып "Web-сайтты жобалау, жариялау және алға жылжыту" тақырыбындағы сабақтар жоғарғы деңгейде өтті. Семинарға қатысушылар оқушылардың білім деңгейін және өнерлеріне жоғарғы бағалау берді.
Семинар