2018-2019 оқу жылы біздің білім ордасы үшін табысты, мерейлі жыл болды деуге болады. Олай айтуға бүгінгі "Үздік шеруі-2019" атты саптық жиын көрінісі дәлел, яғни, жыл бойы өткен аудандық, облыстық, халықаралық дәрежеде жоғарғы көрсеткіштерге ие болып, марапатталған шәкірттер саны былтырғы оқу жылынан біршама көтерілген көрсеткішті көрсетті. Мектеп басшысы Дүйсенбай Соқабайұлы, оқу ісінің меңгерушісі Алтын Мұсатайқызы, тәрбие ісінің меңгерушісі Батиха Ниязкенқызы мақтанышпен айта отырып, әр қадамдарына сәттілік тілей отырып, мадақтады. Мұндай қорытынды саптық жиын келер оқу жылында өз жалғасын нәтижелі толықтыруларымен, жоғарғы көрсеткіштерімен қуантатындарына сенім арта отырып, жетістікке қол жеткізу әрине ұстаздарымыздың оң көрсеткіші. Саптық жиын оқушылардың әдемі билері мен өлең шумақтарымен көркемделді.
Үздік шеруі-2019