Размер шрифта:
↑Наверх
п.Атасу, ул. Оспанова, 36
2-70-91, 2-67-02, 26059
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
18-10-2018 12:00

Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББ мектебінің басшылығымен мұғалімдер  ұжымында  Елбасының жолдауын қызу талқылап, үлкен қолдау көрсетуде.

Тарих пәні мұғалімі Ж.Ж.Рыспекова Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының  толық нұсқасымен таныстырып, ұжым мүшелері Жолдауда аталған міндеттерді жан – жақты талқылады. Жолдаудың «Тұрмыс сапасын арттыру» ІІ тармағын оқи келе мұғалімдердің жалақысын көтеріп, жағдай жасалса, оқыту сапасын арттыруға, жастардың тәрбиелі болуына және жаңа инновацияларды игеріп, еліміздің көркейе түсуіне барын салып қызмет ете түседі деген ойын білдіреді мектептегі білім саласының қызметкерлері.   Сонымен қатар тарих пәні мұғалімі Ә.Б.Сүлейменова Жолдау барысындағы мектептердің білім беру сапасын арттырып, Назарбаев мектептерімен теңестіру айтылды. Олардың әдістемесін, бағдарламаларын енгізуде мектебімізде де  біраз жұмыстар атқарылып отыр. Білім беру сапасын жоғары деңгейге көтеру бүгінгі күннің талабы. Сондықтан Елбасының айтқандарын қолдаймыз деп сөзін аяқтады.

Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп. Тек соны тиімді пайдалануға күш салуымыз қажет деп отырыс аяқталды.