Атасу кенті, Ә. Оспанова көшесі 36
2-70-91, 2-67-02, 26059
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББ мектебінің жанынан ашылған « Мөлдір бұлақ» жазғы сауықтыру лагерінің жұмысы
03-08-2018 12:18

2018 жылы Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББ мектепте жазғы сауықтыру лагері   өз жұмысын бастады. Лагерьге тізім бойынша қамтылған оқушылар қабылданды. Оқушылар келген күннен бастап-ақ белсенділік танытты. Оқушылар өздері дайындап келген ән-билерін ортаға салып, өнерлерін көрсетті. Содан кейін тәрбиешілермен бірге «Мен өз Отанымды мақтан етемін» атты суреттер мен эсселер байқауын өткізді.Лагерь барысында оқушылар көптеген қозғалыс ойындары мен дамытушы ойындарын ойнады.Мысалы: «Балықшы мен балық», «Аңшылар мен қояндар», «Күн мен түн» ойындары. «Кел, балалар оқылық» тақырыбында қазақ ертегілерін оқып, сахналық қойылым бойынша балалар ертегі кейіпкерлерін сомдады. Ертегі желісі бойынша сурет салғызып, сурет байқауын өткізіп, балалардың қызығушылығын арттырды.«Менің құқықтарым және міндеттерім» атты ойын сабақтары, викториналар, «Құқық уақыты» рөлдік ойындарын өткізіп, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейтті. « Кітап - білім бұлағы» тақырыбы бойынша балалар кітапханасына саяхатқа барды.Кітапханада оқыған ертегі кітаптарынан алған әсерлері бойынша ой бөлісті. «Менің сүйікті ертегімнің кейіпкері» тақырыбында ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салды.Балалар арасында «Сымбатты болу-сән» би сайысы ұйымдастырылып, балалар топтасып, жекелей би түрлерін билеп, өнерлерін ортаға салды.