Атасу кенті, Ә. Оспанова көшесі 36
2-70-91, 2-67-02, 26059
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Қауіпсіз автобус
23-11-2022 14:40

Анықтама

 

Қыркүйек 2022ж

 

А.Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектебі бойынша оқушыларды тегін тасымалмен қамтамасыз ету жүргізіледі.

Аудандық білім бөлімінің бұйрығын басшылыққа ала отырып 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап  «Тегін тасымал» жүргізілуде. Осы тұрғыда автобустарға әрдайым рейд жүргізіледі.

Рейд кезінде «Жолда жүру қауіпсіздігін сақтау» бойынша мектеп оқушыларына жадынама парақтары таратылып,тәрбие сабақтары, бастауыш сыныптар арасында түсіндірме сабақтары өткізілді. Тасымалданатын оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты мектеп әлеуметтік педагогы Шагирова А.Д. үнемі бақылап отырады. Сондай-ақ, мектеп автобусының техникалық жағдайы туралы мәліметтер жинақталып,автобуста арнайы жарық пен дыбыстық сигналдың болуы үнемі бақыланып отырады.

Тасымалдаудағы оқушылармен,сондай-ақ мектеп автобусының жүргізушімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ЖҚЕ бұзушылыққа жол бермеу тақырыбында жүйелі түрде сұхбат нұсқамалар жүргізіледі.

А.Сейдімбек мектебі бюойынша тасымал 3 бағытта жүзеге асырылады. Олар Теміржол арты, Жаңа нұр-Нұрлы жер, ДЭУ бағыттары.

Соның ішінде «Теміржол арты» бағыты бойынша-14 бала, «ДЭУ» бағыты бойынша-13 бала, «Жаңа нұр-Нұрлы жер» бағыты бойынша – 13 бала, барлығы 40 бала тасымалданады.

Балалардың өмір қауіпсіздігіне байланысты мектептен бұйрық шығарылған.

Жаңаарқа ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуі мен таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық қағидалар талаптарының сақталуы,күніне үш рет автокөлікке дезинфекция жүргізілуі бақылауда ұсталып отыр. Оқушылар автокөлікке маскамен мінеді. Автокөлікте дезинфекциялық құралдар,антисептиктермен қамтамасыз етілген.Автокөлік иелерінің жұмысы күнделікті мектепте бекітілген жауапты маман әлеуметтік педагог тарапынан үнемі бақылауда отырады. Бүгінгі күнге ата-аналар тарапынан балаларды мектепке дейін және кейін қарай апару қызметі бойынша арыз-шағымдар болған жоқ.

         Балаларды оқу орындарына тасымалдауға балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде тексеріліп отыр.Автобустардың қозғалыс кестесі жасақталып,бекітілген. Жол жағдайларының қолайсыз өзгерістер болған жоқ. Осындай жоспарлы жұмыстар алға қарай да жыл ішінде жалғасын табады.

 

Жауапты                 Кулкаева А.А