Атасу кенті, Ә. Оспанова көшесі 36
2-70-91, 2-67-02, 26059
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
16 Желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
15-12-2017 00:27

ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерей тойына арналған 8 – 15.12 аралығында «Тәуелсіздік елімнің шам-шырағы» атты апталық өткізілді. «Тәуелсіздік тағылымы» аудандық мұражайға 5-6АБ сыныптарымен саяхатқа барып, ата-апалар ерліктерімен, туған өлке тарихымен  танысып, естелік үшін фото суретке түсті.

 ҚР Тәуелсіздігінің 26- жылдық мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» кітап көрмесін ұйымдастырып, аудандық кітапханада өткен «Шығыстың шынары – Сабира» атты тәрбие сағатына қатысып, белсенді қатысқаны үшін мадақтамаға ие болды.

«Мен – Қазақстандықпын» тақырыбында шығарма, эссе жазылды..

 «Тәуелсіздік – тұғырымыз» сурет жарысы ұйымдастырылып, үздік суреттер мектеп дәлізіне көрмеге ілінді. «Тәуелсіздік, егемендік және патриотизм – біздің  басты қазынамыз!» тақырыбында стенд безендіріліп оқушылар шығармашылығы ілінді. «Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» тақырыбында науқан өткізілді, онда оқушылар арасында  патриоттық ән, флешмоб, сынып сағаттары өткізілді.