Мамандықтың бәрі жақсы
"Кәсіби бағдар беру" бойынша мектеп психологінің Шагирова А.Д. 9-11 сынып оқушыларына дайындаған " *Мамандықтың бәрі жақсы* " видеоролигін ұсынамыз.
Мамандық-қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Кез келген саналы баланы "Мен болашақта қандай мамандық таңдасам екен?" немесе "Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?" деген ойлар мазалайтыны анық.
Мамандықты таңдау үшін адам,ең алдымен, өз бейімділігін тануы қажет.