Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Ә. Оспанова көшесі 36
2-70-91, 2-67-02, 26059
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Кәсіби бағдар беру
16-11-2018 10:51

Оқушыларға кәсіби бағдар беру.

Кәсіби бағдар беру барысында оқушылардың қызығушылықтары арқылы келешек кәсіби еңбек ету мүмкіндіктері анықталады. Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеттерін барынша мектебімізде қолға алынуда.

     Оқушыларды өмірге терең бейімдеу мақсатында мектебімізде арнайы кәсіби оқу орындарымен тығыз байланыс жасалуда. Оқушыларымызды еңбек ету арқылы қоғам өміріне әлеуметтендіру мен бейімдеу жұмыстары мектептің барлық күн тәртібі кезінде жүргізіліп отырылады. Барлық сабақтарда, тәрбиелік сағаттарда, тәрбиелік іс-шараларда, үйірмелер мен секцияларда.

   Оқушыларымыз еңбекке оқыту сабақтары мен сыныптан тыс уақыттарда алған білім, білік, дағдыларын әртүрлі республикалық, облыстық, қалалық балалар шығармашылық көрме, фестивальдер мен кәсіби шеберлер байқауында көрсетіп отырады.Кәсіптік бағдар беру мақсатында оқушыларымыз аудан орталығындағы Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжінде болып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып, колледжде оқытылып дайындалатын, мамандықтар түрлерімен танысты.