Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік
Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен Қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі. Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі. Тәуелсіз елдің төл мерекесі құтты болсын. Мектепішілік мерекелік іс-шараны өте жақсы ұйымдастырған Далбаева А. Ш. және Омарова Г. Мерекелік іс-шарада ұстаздың жолында толағай табысқа қол жеткізген ұстаздарымыз марапатталып, мектеп өміріне белсенділік танытқан ата-аналарымыз да мадақталды. Тәуелсіздік мерекесі бастауыш буынмен жоғары буында онкүндік аясында жоспарлы атқарылды.