О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ-де 27 қыркүйекте "Тіл-достық көпірі" тақырыбында ҚР-дағы ұлттар достығын насихаттау, тілді құрметтеу, тұрғылықты халыққа ризашылығын білдіру мақсатында айтулы іс-шара өтті. Тіл мерекесіне арналған онкүндік мəресіне жетті. Елімізде тату-тəтті тұратын ұлттардың салт-дəстүрі, өнері көрсетілді. Ұстаздар мен оқушылар жауапкершілікпен атсалысты. 10А сыныбы- қазақ халқы, 10 Б-орыс, украин,10 В- өзбек, 9А-грузин, 9Б- түрік, 9В-ұйғыр ұлтының өкілдері болып, сол тілде амандасып, лебізін білдіріп, ризашылығын айтты. Ұйымдастырушы мұғалім- Сақауова Ж. Жауапты сынып- 10Б сыныбы. Əр елдің қызғылықты салтынан көріністер қойылды. Ата-аналар да өнерлі перзенттеріне батасын берді. Көңілді жиын ырзалықпен тарасты. Шараға оқу ісінің меңгерушілері Байтуғанова Қ, Мейізбекова С, Борамбаева Д,көптеген ұстаздар қатысты.
Тіл-достық көпірі.