- Қимастықпен қоштасқан сәт...
Тарыдай болып кірген кешегі бүлдіршіндеріміз таудай болып бастауышпен сыныппен қоштасуда. Балалық шақтарымен, анасындай бола білген, алғаш әріптанытқан, аялы алақанының жылуын беріп келген бастауыш сынып мұғалімдерімен қоштасатын сәтте келді.
Ең тәтті, ең қызықты қылықтары әрине есімізде.Әрбір оқушының бейнесі ұстаз жадында әрдайым сақталады. Бүгінгі бастауышпен қоштасу сәтінде шынайы қимастықпен айтылған ыстық лебіздер қашанда қымбат.
О.Жұмабеков атындағы Тірек мектебінде "Бастауышым- балбұлағым" атты 4"А", 4"Ә", 4"Б", 4 "В", 4"Г" сыныптарының ата-аналарына арналған үлкен ауқымды мерекелік шара ұйымдастырылды.
Құттықтау сөз кезегін алған мектеп директоры 4 Б сыныбының оқушыларымен ата-аналарына сәттілік, жазғы демалыстан жаңа серпіліспен келуіне, болашақта үлкен үміт артатын озат оқушы болуларына өз тілегін білдірді.