Атасу кенті, Ақселеу Сейдімбеков көшесі, 60
2-81-29, 2-71-73
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
15 мамыр-ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
15-05-2018 11:15
15 мамыр-ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

15 мамыр-ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы – әр отбасы үшін маңызды шара. Сондықтан бұл шараға барынша мән берген абзал. Бұл күні барлық ата-аналар жаппай мектептерге келіп, балаларының сынып жетекшілерімен, мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болады.
Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіру. Негізінде мектептегі тәрбие жұмысы нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен мектептің бірлескен әрекетінде екені белгілі.
Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы биыл Халықаралық отбасы күнімен сәйкес келіп отыр. Қоғамда отбасы рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы және солай болып қала бермек.