Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке
дейінгі және орта білім комитеті Қапшағай қаласындағы «Балдәурен»
республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық
рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында 2021 жылдың 17-19 қараша
аралығында жас мамандарыға
әдістемелік көмек беру, пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту,
білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы жалпыадамзаттық
құндылықтарды тәжірибеде жүзеге асыру мақсатында «Ұлттық
құндылықтардың бастауы - тіл мен тарих» тақырыбында Республикалық
семинар-практикумға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.М.Хасенова қатысып, сертификат иеленіп келді.
Болашағынан зор үміт күттіретін жас маманға шығармашылық табыстар тілейміз!