Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Ақселеу Сейдімбеков көшесі, 60
2-81-29, 2-71-73
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Рухани жаңғыру: тарих және тұлға тағылымы» атты тарихшы-өлкетанушы, майдангер-ұстаз, Далбай Ізтілеуовтің мұраларына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференция
22-12-2017 21:41
«Рухани жаңғыру: тарих және тұлға тағылымы» атты тарихшы-өлкетанушы, майдангер-ұстаз, Далбай Ізтілеуовтің мұраларына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференция

Арқаның кіндігі Жаңаарқада ордалы ойлыны, зейінді зерттеушіні,пайымды парасаттыны жай жатқызбай,елең еткізген,дүрсілді дүбірі құлақтан әлі кетіп үлгірмеген,үлкен бір айтуға тұрарлық шараның куәсі болдық. Республика жұртшылығы атсалысқан, тарих пен тұлға тағылымы тоғысқан ғылыми-практикалық конференция 2017 жылдың 22 желтоқсанында өтті. Конференция аудан орталығындағы 80 жылдан астам тарихы бар қара шаңырақ О.Жұмабеков атындағы  ЖОББМ-де болды. Шараның өтуіне мұрындық болып, нұсқау беріп, бағыттаған  - Қарағанды облысы Білім беруді дамытудың оқу –әдістемелік орталығының директоры  Г.Ш.Қожахметова . Шараны ұйымдастырушылар - мектеппен бірге жасап,өнегелі өмірін арнаған майдангер ұстаз Далбай Ізтөлеуовтың ұрпақтары.

Жиналған қауымды жүрекжарды лебізімен құттықтап, алғашқы сөзді мектеп директоры Рахимов Р.С алды. Мұражайды жаңғыртып ашу рәсімі қызы Ізтөлеуова Салтанат пен  ғалым жерлесіміз, ғасыр адамы Т.Көкетаевқа берілді. Салтанат апай аудан мұражайына әкесінің иісі сіңген бөркін ескерткішке мұрағатқа тапсырды, ал  мектеп мұражайына өзі жеке жинаған жинақтарын тапсырды. Сонымен қатар, мектеп басшылары мен мұғалімдер естеліктері, оқушылардың конференция материалдары , зерттеу жұмыстары жинаққа еніп, әрбір қатысушыға жинақ таратты.

 Ертедегі әнші, сал-серілерше  топты жарып, жерлесіміз, мақтанышымыз, күміс көмей әнші үкілі домбырасын күмбірлете келген Ерлан Төлеутай өзінің дәстүрлі әнімен шашу шаша келді. Алқалы жиынды ардақты аталарына арнаған өлең шумақтарын төгілткен немерелердің өнері қыздырды. Құлақ құрышын қандырып, тыңдарманды ұйыта ұйымдастырған Жарас пен Дәурен жүргізушілер   балалары, немере, жиен  немерелері демеушілігімен заманауи үлгіде жабдықталған, мектебіміздің көрікті нысанына айналған мұражайға көпшілік назарын аударды. еу жұмыстары жинаққа еніп, әрбір қатысушыға жинақ таратты. 

Тағылымды жиналыстан еселі әсер алып, туған өлкеміздің соншалықты рухани қазынаға бай, сайының әрбір тасы тұнған тарих, адамы бір тұрған шежіре, құт екенін бажайлайсың. Себебі, туған жерді, елді де ыстық ететін, киелі, қасиетті қылатын  оның тарихи тағылымды тұлғалары. Байқап тұрсаң, Д.Ізтөлеуов бар саналы ғұмырын туған жердің тарихын жасауға арнаған екен. Шәкірттерін, перзенттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп өсіріп, тарихи шежірелерді  құлақтарына құйып тәрбиелеген ардагер ұстаз.