Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Ақселеу Сейдімбеков көшесі, 60
2-81-29, 2-71-73
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"Әлем таныған - Абай" және "Абай Алаштың - Темірқазығы"
20-02-2020 16:39
"Әлем таныған - Абай" және "Абай Алаштың - Темірқазығы"
19 ақпан күні музейде музей ұжымының ұйымдастыруымен "Әлем таныған Абай" атты көрме және О.Жұмабеков атындағы ЖОББ мектебінің ұстазы Садвакасова Салтанат ұйымдастыруымен "Абай Алаштың - Темірқазығы" атты тақырыптағы әдеби-кеш өтті. Бұл шараға 9, 10,11 сынып оқушылары, ұстаздары, Жаңаарқа аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, архив маманы және музей ұжымы қатысты.
Кулгадиша Уайсқызы Жангелдина кездесуді ашып, сөз кезегін музей таныстырушысы Ерболат Берікұлы Шубаевқа берді. Ерболат Шубаев Абай Құнанбайұлына арналған көрмеге қойылған заттармен таныстырып, Ұлы ақынның әлемдегі ескерткіштерін слайд арқылы көрсетті.
Садвакасова Салтанат сөз кезегін алып, өзі оқушыларымен ұйымдастырған шараны жалғастырды. "Әке мен бала" диалогы арқылы Құнанбай мен Абай қарым қатынасы, "Абайдың білімге деген құштарлығы", "Абай туралы он дерек", "Абай әлемге танымал", "Егемендік сарын Абай дәуіріндегі өзекті мәселе", "Абай мен Шәкәрім", "Абай Алаштың - Темірқазығы", "Абайдың соңғы күндері", "Абайдан Абайтануға дейін", "Абай, Ренессанс - Мәңгілік ел", ,Абайдың қара сөздері бөлімдері арқылы өмірі және шығармашылығымен таныстырып, Тренинг сұрақ-жауап сайысы өтіп, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, күй тартылып, ән айтылды.
Келген қонақтарға сөз беріліп, ішкі саясат әдіскері Құндыз Жәкенова оқушыларға өз ризашылығын білдірді.