Размер шрифта:
↑Наверх
п. Атасу, ул. Ақселеу Сейдімбеков, 60
2-81-29, 2-71-73
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 409
Плохо - 93
Хорошо - 55
Так себе - 50
Затрудняюсь ответить - 47
Всего проголосовало: 654
Смотреть результат
Статистика посещений
«Мөлдір бұлақ»
15-01-2020 16:01
«Мөлдір бұлақ»
«Мөлдір бұлақ» 
Қазақта «Ел  - ағасыз болмас, тон - жағасыз болмас» деген мақал бар, шүкір, ел ағалары баршылық.
О. Жұмабеков атындағы ЖОББ мектебінде тәрбие ісінің меңгерушілері Л.О.Забикова, Ж.А.Жолдасбаева, тәлімгер А.М. Әбдіғазымованың ұйымдастыруымен киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да салиқалы  өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген һәм есімі республикаға танымал дарынды жерлес ақын «Мөлдір бұлақ» өлеңдер жинағының авторы Әлтаев Ноян Дүйсенбайұлының поэзия кеші болып өтті. Кеш қонағы болып  қазақтың өресі биік «Аққу», «Сағыныш», «Досыңның көзін ұғарсың» сияқты  әндерін гитараның сүйемелдеуімен орындап, қазақ ән өнеріне жаңа бір өзіндік ерекшелігі бар серпін берген, бүкіл республикамызға танымал әнші «Қоңыр әннің иесі – Есенов  Қорабай Әбікенұлы келді. Поэзия кешінің мақсаты  - оқушыларды жерлес ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Кеш барысында ақын шығармашылығына қызығушылық танытып жүрген бір топ оқушылар  өлеңдерін жаттап, мәнерлеп оқыды. Оқырмандарының жүрегінен жол таба білген ақын өмірі, шығармашылығы жайлы,   өлеңдерінің шығу тарихы жайында баяндады. Ақынның немерелері де бірі жыр шумағын оқыса, енді бірі ән салып өнерлерімен жиналған көрерменді тәнті етті. Ауданымыздың белгілі әншісі Қорабай аға  гитарасының сүйемелдеуіндегі әуелеген әндерін орындап, кеш сәнін одан әрі аша түсті. Поэзия кешін мектеп директоры Рахимов Рысқали Серікбайұлы қорытындылап, Ноян Дүйсенбайұлы мен Қорабай Әбікенұлына алғысын білдіріп,  шығармашылықтарына толағай табыс тілеп, қазақтың дәстүрі бойынша иықтарына шапан жапты.  Рухани азық алып, есті әндер мен жалынды жырмен сусындаған мектеп ұстаздары мен оқушыларының көңілі бір марқайып тарасты.