ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ форумы
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" 2019-Жастар жылының аясында ҚР Преиденті Қ. Тоқаевтың 2 қыркүйек 2019 жылғы "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауын ұстазадар мен оқушылардың арасында насихаттау мақсатында О. Жұмабеков ЖОББ мектебінде мектептің белсенді жас мамандары мен жеткіншектерінің қатысуымен "Жастар жалыны" атты форум өтті. Жастар кез келген сәтте еліміздің өсіп-өркендеуі жолында, өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне араласып, белсенділік таныта білуі керек. Олар аға буын салып берген сара жолын жалғастырушылары. Біз болашақты қалай құрамыз, қандай игі істер атқарамыз деген сұрақтарға бүгіннен бастап жауап жауап іздеуі қажет. Бүгінгі жастар форумы да осындай түйткілді мәселелерді шешуге арналды. Форум тағайындаушы сессиямен тұспа-тұс келгендіктен, аудан көлеміндегі бірнеше мектептердің ұстаздары мен 11 сынып оқушылары да қатысты. Іс-шара барысында мектеп жанынан құрылған "Жас ұлан" қоғамдық ұйымының президенті, мектепішілік сайлау нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 10 сынып оқушысы Ақбота Амангелді мен қоғамдық ұйымның мүшелері салтанатты түрде таныстырылды, форумға қатысушылар ұйым президентіне арнайы лента тағу рәсімінің куәгері болды. Ұйым президенті оқушыларды алдағы уақытта мектеп абыройы үшін қоғамдық жұмыстарға ұйымшылдықпен атсалысуға шақырды. Сонымен қатар ұлттық мәдениетімізді дәріптеу мақсатында мектептің өнерпаз оқушылары ұлттық нақышта ән салып, би билеп, күй орындады. Форум барлық қатысушылардың орындауындағы флеш-мобқа ұласып, көрермендердің патриоттық сезімін оятып, көңілдері марқайып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.
Форум ұйымдастырушылары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Л. О. Забикова, А. М. Шекимова, тәлімгерА. Д. Сарманова