Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің білім беру ұйымдары

bilim@zhanaarka.gov.kz
пос.Атасу, ул.Абая 37
8 (71030) 2 74 98
Телефон доверия 29133
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Денсаулық фестивалі- 2017
09-09-2017 09:04
Денсаулық фестивалі- 2017

Жаңаарқа аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» деген ұранмен «Денсаулық фестивалі-2017» өткізілді.  Оған барлық мектеп оқушылары қамтылды. Денсаулық фестивалі аудан орталығындағы мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысқан «Жаяу жүру зиян емес, жүрмеу-зиян» деген ұранмен жаяу жүру марафоншылар шеруінен бастау алды.  Оған 500-ге тарта оқушы қатысты.

    «Денсаулық фестивалі-2017» ашылу салтанатының алғашқы құттықтау сөз кезегін аудан әкімінің міндетін атқарушы Қожықаев Қ.Ш. сөйледі. Одан кейін спорт ардагері Ә.Майшин, дене тәрбиесі пәні мұғалімі Қ.Жүкенов фестивальге қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Бұдан кейін арнайы жаттығу жасау шарасы өтті.

    Білім беру ұйымдары өткен оқу жылында спорт жағынан жеткен жетістіктерін арнайы көрме арқылы көрсетті.  Іс-шара  жоспары  бойынша  барлық  сыныптарда  бір  уақытта «Денсаулығым- бақытым» атты тәрбие сағаттары  өткізілді. «Салауатты  өмір  салты»  тақырыбында  кітап  көрмесі  ұйымдастырылды. Стенділер  жасалып, газеттер,  санбюллетеньдер шығарылды. Әрбір  сынып  сағатына мектеп  медбикесі  қатыса отырып,  пікір алмасты. Іс-шара   спорттық  ойындармен  жалғасын  тапты.  Қашықтыққа   жүгіру,  волейбол, футбол, көңілді сөрелер өткізілді.

   1-4  сыныптар   арасында   спорттық  жаттығулар,   өзара   жүгіру  жарыстары,  даярлық  сыныбында  «Әкем,  анам  және  мен»  атты  отбасылық  спорттық   сайыс  ұйымдастырылып, жоғары  деңгейде  өтті. Іс-шара  қортындыланып,   жеңіске  жеткен  топ,  оқушылар  марапатталды.