Қоғам талабына сай жас ұрпақты сапалы білім мен саналы тәрбиеге үйретуге арналған пәндік олимпиадалар, түрлі жарыстар мен сайыстар, зияткерлік ойындар бар. Осындай шаралардың арқасында оқушы өзінің білімі мен білігін, бәсекеге қабілеттілігін, басқа да қабілеттерін көрсетіп, шыңдай алады.Осы орайда, ауданымыздың мектеп оқушылары жыл сайын өткізілетін дәстүрлі Республикалық пәндік олимпиадаларда биіктен көрініп, ауданымыздың абыройын асқақтатып жүр. 2018 жылдың 6 - 7 желтоқсанында республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңі өтіп, жүлделі І орын алған 20 оқушы 3 – 5 қаңтар аралығында өтетін облыстық олимпиадаға жолдама алған болатын. Олардың барлығы Н.Нұрмақов атындағы және «Мұрагер» мамандандырылған мектеп - интернаттары базасында 13 пәннен бақтарын сынап, нәтижесінде 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебінің оқушылары Ахмедия Жарас (физика пәні бойынша, мұғалімі – Салкенов Думан Маратұлы), Боранбай Ділназ (география пәні бойынша, мұғалімі – Аринова Дәмеш), Василенкова Анастасия (орыс мектебіндегі қазақ тілі, мұғалімі Қадірсізова Ғалия Есенқызы), О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебінің оқушылары Төлеутай Қуаныш (Қазақстан тарихы, мұғалімі – Ізтөлеуова Назым Далбайқызы), Молдазаимова Малика (қазақ мектебіндегі орыс тілі пәні бойынша, мұғалімі – Рахымбекова Алтынай Аманқызы), Ынтымақ ЖОББМ – нің оқушысы Серікбай Мөлдір (қазақ мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша, мұғалімі – Исина Алданыш Жолбарысбекқызы) ІІІ орындарды қанжығасына байлап, абыроймен оралды.
Аудандық білім беру саласының қызметкерлері осы жеңіс тұғырынан көрінген оқушылардың бұдан да биік белестерді бағындыра алатынына сенім білдіре отырып, оларды дайындаған пән мұғалімдеріне шығармашылық табыс тілейді.