Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің білім беру ұйымдары

bilim@zhanaarka.gov.kz
пос.Атасу, ул.Абая 37
8 (71030) 2 74 98
Телефон доверия 29133
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Жаңаарқа ауданының білім бөлімі келесі жалпы орта білім беретін мектептің директоры бос лауазымына орналасуына конкурс жариялайды
16-11-2020 08:55

Атауы: Ынтымақ  жалпы орта білім беретін  мектебі  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Негізгі бағыты:Орта білім беру. Орналасқан орны (мекен – жайы):  Жаңаарқа ауданы, Ынтымақ ауылы Жеңіс көшесі 10

телефоны: 2-43-21

 Лауазымдық жалақы мөлшері: 110.000  теңгеден 130.000 теңгеге дейін (еңбек өтіліне байланысты).

Ынтымақ жалпы орта білім беретін мектеп  директорының

Функционалдық міндеттері:Педагогикалық қызметкерлердің күнделікті және алдағы қызметінің жұмысын ұйымдастырады.

Дамыту процесін оның статусына сәйкес мақсатты түрде бағдарлауды,оқу – тәрбие және әкімшілік –шаруашылық процестерін жүйелі түрде ұйымдастыру, оларды басқару және бұл процестердің даму барысына бақылау жасау. Өз орынбасарларына олардың құзіреттері аясында өкілдік беру. Сыртқы ұйымдармен байланыс орнату.

  • Оқушылар сабақтарының кестесін, жұмыс графиктерін бекітеді және қызметкерлерінің педагогикалық жүктемелерін, кезекті еңбек демалыстарының тарифтік тізімдері мен графиктерін.
  • Ішкі еңбек тәртібі ережелерін және кәсіподақ уаждемелі пікірін ескере отырып, жұмыскерлер мен оқушыларға арналған функциялық міндеттерді; белгіленген тәртіп бойынша нұсқаулықтардың қайта қаралуын ұйымдастырады.

    - қызметі мен оның дамуына байланысты стратегиялық құжаттарды,     құрылымдары мен бөлімшелеріне арналған нормативтік құжаттарды,  басқару құрылымын, жоғары тұрған органдармен келісе отырып, жалақы қоры аясындағы штат кестесін, қажетті нормативтік кестелерді, қызметі барысын бақылау жүйесін, кадрларды іріктеу, жұмысқа қабылдау және орналастыру ісін, педагог кадрлардың біліктілігі мен кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жасалатын жағдайларды жоспарлап, ұйымдастырады.

     - Іс  қағаздарын, бухгалтерлік есепті және статистикалық есептілік құжаттарын жүргізуді қадағалайды.

          - даму, білім беру бағдарламалары, оқу курстары, оқу пәндері, жоспарлары, жылдық күнтізбелік оқу графиктері, Ішкі еңбек тәртібі, ережелері және басқа да нормативтік актілері мен оқу -әдістемелік құжаттары әзірленуін, бекітілуін және орындалуының бақылануын, ұжымдық шарттың орындалуын, құжаттамалардың қатаң есептілікпен тіркелуін, сақталуын және берілуін қамтамасыз етеді.

    Оқытушылардың оқу - әдістемелік құжаттарын, оқу жоспары мен бағдарламасының орындалуы мен дайындалуын үйлестіреді. Оқушылардың білім дайындығы нәтижесінің объективтілігі мен сапасына, үйірме жұмысына, факультативтерге бақылау жасайды. Емтихандарды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады. Оқушылардың білім жүктемесіне бақылау жасайды. Білім беру, тәрбие беру, шаруашылық және қаржы қызметін ұйымдастыруды, педагогикалық кеңес жұмысын, қызметкерлерін ынталандыру жүйесі жұмысын жүзеге асыруды, дамытуды, оқушылары мен қызметкерлерінің денсаулығын сақтауды басқарады. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді. Ата – аналармен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.

    Үміткерлерге қойылатын талаптар: ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы»,  «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және басқа да білім беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді.

  • Педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, менеджмент, қаржы –шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
  • ҚР Еңбек кодексін, сондай-ақ, директор өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, жарғысы мен құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты) басшылыққа алады. Директоры бала құқықтары туралы Конвенцияны  сақтайды.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде өткізіледі.

 

 Хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

      1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

      6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

      8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10)сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

      11) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

      12)біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      13)білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

       14) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

 

  Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттаросы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында (Жаңаарқа газеті) мемлекеттік тілде жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 100500 Атасу кенті Абай даңғылы №37. Анықтама үшін телефон 2-83-94,  факс 2-74-98, makmani84@mail.ru

 

Жаңаарқа аудандық білім бөлімі