«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Әштаевтың бастамасымен көптеген іс-шаралар қолға алынды. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық жобасымен жұмыстар жүргізілуде. Облыстық "Тылсымға толы Сарыарқа" атты туған өлкені зерттеу экспедициясының қорытынды презентациялық алаңына Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарының жас өлкетанушылары қатысты. Онда «Жаңалықтар әлемі. Жас зерттеуші. Жас турист.» жобасының қорытындысы шығарылды. «Мектепте туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ускенбаева Жубайла Адамовна, «Үздік әдеби альманах» номинациясы бойынша жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен Ынтымақ ЖОББ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мунжасарова Гайнижан марапатталды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы