Педагогикалық тамыз кеңесі
04 Қыр, 14:55
2018 жылы 28 тамыз күні сағ.10.00 Мәдениет сарайында Жаңаарқа ауданы әкімінің қатысуымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбына арналған педагогикалық тамыз кеңесі өткізілді.
Конференцияда былтырғы оқу жылының Жаңаарқа ауданының білім беру саласына қорытынды жасалып жаңа оқу жылына жаңартылған білім беру мазмұны бойынша перспективалары айқындалды.
Конференция sabak.kz порталында онлайн форматында залда отырған 200 адамды және бейне-қосылу арқылы 27 ауыл мектептерінде 2000 мұғалімдер қауымы, ата-аналар өкілдерін қамтыды.