Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің білім беру ұйымдары

bilim@zhanaarka.gov.kz
пос.Атасу, ул.Абая 37
8 (71030) 2 74 98
Телефон доверия 29133
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 479
жаман - 105
жақсы - 70
жай ғана - 59
жауап беруге қиналамын - 52
Барлығы дауыс берді: 765
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Байгутова Жазира Канатовна
Байгутова Жазира Канатовна

Бөбекжай тәрбиешісі - Байгутова Жазира Канатовна. 

Мақсұт Мөлдір Мағжанқызы
Мақсұт Мөлдір Мағжанқызы

Бөбекжай тәрбиешісі - Мақсұт Мөлдір Мағжанқызы. 

Ахатов Кайрат Жанатович
Ахатов Кайрат Жанатович

1986 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа кентінде дүниеге келген.1993 жылы О.Жұмабеков тірек мектебінің табалдырығын аттап 1 сыныпқа барған.1993-1995 жылы О.Жұмабеков тірек мектебінде оқыған.1995-2001 жылы Ынтымақ орта мектебінде оқыған.2001-2003 жылы Е.Шахановта оқыған.2003-2004 жылы Ынтымақ орта мектебінде оқып,сол мектепті бітірген.

2004-2006 жылы «КарГТУ» электор-энергетика мамандығын оқып,2006-2009 жылы «Орталық Азия Университеті» мұнай-газ ісі мамандығын оқыған.2009- 2011 жылы Астана қаласында менеджер болып жұмыс атқарған.2013-2015 жылы «ЖИГК» темір жол мамандығын бітіріп,2018-2021 жылы «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті» информатика пән мұғалімі мамандығын бітірген. 2021-2022 жылы Ақтайлақ негізгі орта білім беретін мектебінде информатика пән мұғалімі және жүйе әкімшісі қызметін атқарды.2022 жылдан бастап Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде жүйе әкімшісі қызметін атқаруда.

Жумабекова Шахизада Кошеновна
Жумабекова Шахизада Кошеновна

Бөбекжай тәрбиешісі - Жумабекова Шахизада Кошеновна.Педагог-модератор.

Саутбаева Диана Сапаргалиевна
Саутбаева Диана Сапаргалиевна
Саутбаева Диана Сапаргалиевна 1989 жылы 9 тамызда Қарағанды обл, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 2007 жылы мектепті бітіріп, 2010 жылы Қарағанды Гуманитарлық колледжін аяқтаған.
 
2010 жылдан 2011 жылға дейін Теміртау қаласындағы №8 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды.
 
2017 жылдан 2021 жылға дейін Жаңаарқа ауданындағы "Ер - Төстік" бөбек-жайында тәрбиеші болып жұмыс жасады.
 
2021 жылдан бастап  Манадыр негізгі орта мектебінде "психолог" болып жұмыс жасап келеді. 
 
Еңбек өтілімі: 7 жыл 
 
Санаты: Педагог-модератор
Мамина Алма Ибратаевна - директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Мамина Алма Ибратаевна - директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Білімі: жоғары. 1998-2002 жылдар – ЖезУ, «Информатик»  мамандығы; 2007-2011 жылдар – АЭСА, «Экономика және бизнес» бакалавры. Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі: 19 жыл. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы Қарағанды қаржы институтынан (бүгінгі таңда Қарағанды банк колледжі) бастаған. 2002-2009 жылдарда аталған білім ордасында оқытушы, институт жанынан ашылған Бағдарлы лицейдің оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2010 жылдың 1 қыркүйегінен Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы «О.Әлібаев атындағы ЖББМ» КММде еңбек жолын жалғастыруда. 2021 жылдың 1 қыркүйегінен директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Жаңашыл, өзіне талап қоя білетін табысты мұғалім, мектеп басшысы ретінде Алма Ибратаевна үнемі білімін жетілдіріп, ізденісте жүреді, атап айтсақ:

  • 2013 жылдың сәуір-маусым аралығында Қарағанды қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқыту курстарын аяқтады;
  • 2017 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады;
  • 2019 жылы Қарағанды қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтады.
  • 2021 жылы Қарағанды қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ұйымдастырған «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы басқарушылық қызмет және менеджмент» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.
  • 2021 жылы қараша айының 29 күні Ұлттық Біліктілік Тестілеуден сәтті өтіп, педагог – сарапшы біліктілік санатына ие болды.

Алма Ибратаевна  – жаңашыл ұстаз, жанашыр әріптес.. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуге, өз мамандығы бойынша ізденуге, озық үлгідегі іс-тәжірибелердің тиімдісін ала білуге үйретуден еш жалыққан емес.

Біздің мұғалімдер
Біздің мұғалімдер

Біздің мұғалімдер

Каденова Жанылсын
Каденова Жанылсын

1992 жылы 10 қаңтарда дүниеге келгнен. 2008 жылы Қарағанды қаласының №7 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын аяқтады. 2008-2012 жылдары Қарағанды гуманитарлық колледжінде «Бастауыш сынып мұғалімі және практикалық психолог» мамандығын оқып, тамамдады. 2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Қызылдар кентінде «Құлыншақ» бөбекжайында жұмыс атқарады

Асанова Әйгерім
Асанова Әйгерім

1992 жылы 30-шы қарашада туылған. 2010 жылы №10 Жайрем ЖОББ мектебін аяқтап, «Жезқазған индустриалды-гуманитарлық» колледжіне «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын игеріп, 2013 жылы колледждін тамамдаған. 2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Қызылдар кентінде «Құлыншақ» бөбекжайында жұмыс атқарады

Аликаримов Сержан Аликаримұлы
Аликаримов Сержан Аликаримұлы

1987 жылы 18 қарашада Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген. 1994 жылы О.Әлібаев атындағы орта мектептің табалдырығын аттаған. 2005 жылы осы мектептің 11 сыныбын аяқтады. Қарағанды Мемлекеттік Университетін информатика факультетін бітіріп, О.Әлібаев атындағы орта мектепте информатика пәні мұғалімі болып, жемісті еңбек етіп келеді. Осы жылдан бері ұстаз өзінің еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізді.

  • «Өрлеу» БАҰО-ың үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатын иеленген.
  • Назарбаев Университеті оқытқан Ағылшын тілінен А1, А2, В1, В2, CLIL сертификаттарын иеленген.
  • Магниттік мектептер арасында өткен аудандық «Көп тілді меңгерген мұғалім» сайысында «Ізденімпаз ұстаз» номинациясы бойынша АББ-нің Дипломымен марапатталған.
  • Мектебімізде өткен «Білім мазмұнын жаңартудағы оң өзгерістер» тақырыбындағы деңгейлік  курс оқып келген ұстаздар арасында аудандық семинарда 8-сыныпта информатика пәнін ағылшын тілінде  «Creating an algorithm» тақырыбында ашық сабағын өте жоғары деңгейде өткізді. Осы ашық сабағы аудандық деңгейлік курс оқып келген ұстаздар  энциклопедиясына жинақ болып енгізілді.
  • Жаңартылған орта білім мазмұны информатика пәні бойынша сертификатын иеленген.
  • Аудандық информатика пәні олимпиадасынан 9-сынып оқушысы Мухамедиева Мадина 2-орын алды.
  • КIО республикалық пән мұғалімдерінің  интернет олимпиадасына қатысып, ІІІ орын және  II орынды  иеленіп, грамотамен марапатталған.
  • Үшітілділік бойынша информатика пәнінен «Spreadsheets» тақырыбында 8 «ә» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа Қарағанды қаласынан ментор келіп қатысып жоғары баға беріп кетті.
  • I Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегері диплом алды.
  • vpo.kz сайты ұйымдастырған мұғалімдер арасындағы республикалық виртуалды олимпиададан I дәрежелі дипломды иеленді.
  • «Білім сапасы: Қолайлы жағдайдан – тиімді нәтижеге» тақырыбында өткізілген Тамыз кеңесінде өз тәжірибесімен бөліскені үшін АББ-нің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.

2021 жылы қараша айында Ұлттық Біліктілік Тестілеуден сәтті өтіп, педагог – модератор біліктілік санатына ие болды. Аликаримов Сержан еселі еңбегінің нәтижесінде оқушылардың информатикаға деген қызығушылықтары өте жоғары. Өнегелі, көп балалы отбасынан шыққан Сержан жары Гүлжанат екеуі 1 қыз, 1 ұл  тәрбиелеп отырған жас отбасы.

Баккараева Динара Бөкенбайқызы
Баккараева Динара Бөкенбайқызы

Бөбекжайдың психолог - дефектолог маманы - Баккараева Динара Бөкенбайқызы. Педагог-модератор.Еңбек өтілі 7 жыл.

Агазамова Алтынай Агазамовна
Агазамова Алтынай Агазамовна

Оқу ісінің орынбасары

Бітірген оқу орны: Жезқазған қаласындағы Ө.А.Байқоңыров атындағы университет.

Санаты: Сарапшы.

Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі.