1961 жылы 25 қазан күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.Қаражал қаласының № 1 мектеп табалдырығын 1968 жылы аттады.1978 жылы № 132 орта мектебін тәмамдаған.1987 жылы Жезқазған педагогикалық институтының география биология факультетіне түсіп,1987 жылы бітіріп шықты. 1987-2005 жылдары Н.К.Крупская мектебінде қызмет атқарды.2005 жылдан бастап № 132 орта мектебінде тәрбие ісінің меңгерушісі және география пәнінің мұғалімі болып істейді.Оқушыларға сапалы білім беру үшін әртүрлі әдістерді қолданады, дәстүрлі емес сабақтарды да өткізеді.Қазіргі заман талабына сай ұстаз ретінде әртүрлі технологияны қолданады. 1993 жылдан бастап өзі қызмет атқарған мектептерде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін жемңсті атқарып келеді. Мектеп,аудан көлеміндегі семинар, курстарға белсене қатысып, баяндамалар жасаған. Жоғары санатты мұғалім. Облыстың , ауданның саяси өміріне белсене қатысады. Жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін 1998 жылы облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы мен мәдениетін өркендетуге қосқан ерекше еңбегі,жоғары кәсіптік шеберлігі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін бірнеше мәрте аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.2005 жылы «Өз мамандығының үздігі» белгісі мен сертификатпен марапатталды. 2007 жылы «География пән мұғалімінің үздігі» болды.2011 жылы облыстық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, «Қазақ географиялық қоғам»бірлестігінің облыстық пән олимпиадасына 11 сынып оқушысы Е.Қошанды дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.Оқушылары облыстық,аудандық пән олимпиадаларының жүлдегерлері, солардың ішінде «Сарыарқа дарыны», «Біз біргеміз!» У Форумының «Үздік жоба» иегері 2012 жылғы мектеп түлегі Қошан Ерасылды, 2004 жылы «Арал тағдыры балалардың көзімен»халықаралық конференцияда ғылым жұмыс бойынша 2 орын иеленген Жумадильдин Ануарды атауға болады.
1969 жылы Атасу поселкесінде туған. 1977 жылы №132 орта мектебінің 1 сыныбына қабылданады. 1987 жылы осы мектепті бітіріп Жезқазған педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Оқуын аяқтап Н.К.Крупская атындағы орта мектепке мұғалім болып орналасады. 1992 жылы №132 орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып ауысады. 2006 жылы еңбектен қолын үзбей жүріп ҚарМУ-ді бітіріп жоғары білім алып шықты. Шәкірт тәрбиелеудегі еңбектері еленіп облыстық, аудандық марапаттаулармен мадақталды.
1959 жылы 19 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келді.Әкесі Смағұлов Әбумахман мұғалім, анасы Әбілжанова Қалима дүкенші болып жұмыс істеген.1966 жылы Жаңаарқа ауданының В.И.Ленин атындағы орта мектептің 1сыныбына барып осы мектепті 1976 жылы бітірген.1976 жылы Алматы шетел тілдер педагогикалық институтына түсіп, оны 1981 жылы бітіріп ағылшын және неміс тілдері мұғалімі мамандығын алды.Институтты бітіргеннен кейін Жаңаарқа ауданының С.Сейфуллин орта мектебіне ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа тұрды.1982 жылдың мамырынан 1983 жылдың желтоқсан айына дейін әскер қатарында болды.1983 жылдың желтоқсан айынан бастап С.Сейфуллин орта мектебінде мұғалімдік жұмысымды жалғастырды.1985-1991 жылы С.Сейфуллин орта мектебінде директордың тәрбие ісі орынбасары, 1991-1996 жылы директордың оқу ісі орынбасары, 1996-2005 жылы С.Сейфуллин орта мектебінің директоры қызметтерін атқарды. 2005-2006 жылы Н.К.Крупская орта мектебінде мектеп директоры тәрбие ісі орынбасары қызметін атқарды. 2006 жылдың
1-қыркүйек айынан №132 орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.Тапсырмаларды табысты орындағаны үшін 2003 жылы Облыстық білім департаментінің Құрмет Грамотасымен, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тест орталығының «Алғыс хатымен», 2001, 2010 жылдары Аудан әкімінің Құрмет Грамотасымен 2001, 2010 жылдары Аудандық білім бөлімінің Мадақтамасымен марапатталды. 2012 жылы Облыстық білім департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аты-жөні: Кайырова Бакыт Аманбаевна- физика және информатика пәнінің мұғалімі, білімі жоғары, санаты сарапшы
Туған жылы: 24.08.1976
Ұлты:қазақ
Еңбек өтілі: 25 жыл
Білімі: Жоғары, Жезқазған педагогикалық университеті, 1993-1997 жыл
Марапатталуы: Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлернің жергілікті кәсіптік одағының Құрмет грамотасы- 2023 жыл, Ұлытау облысы білім басқармасының Алғыс хаты- 2023 жыл
Еңбек жолдары:
1998 жыл- Оңтүстік Қазақстан облысы. С.Ерубаев атындағы ЖББМ информатика пәнінің мұғалімі
2008 жыл- Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің әдіскері
2014 жыл- Қарағанды облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері
2019 жыл- Қарағанды облысы А.Сейдімбек атындағы ЖББМ директоры
Смайлова Анар Сабитовна
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Смайлова Анар Сабитовна 1968 жылы 12 ақпанда Жаңаарқа ауданы, Рассвет ауылында дүниеге келген. 1985 жылы мектепті Ынталы орта мектебін бітіріп, 1992 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық университетінің география факультетін тәмәмдаған. Еңбек өтілі 34 жыл. 16.08.2021жылдан бастап педагог-сарапшы, 2020 жылы 25 желтоқсаннан бастап «үшінші санатты басшының орынбасары» біліктілік санаты берілген.
Марапаттаулары:
1.Қарағанды облысының білім басқармасының Алғыс хаты, 2020ж.
2.Ұлытау облысының Құрмет грамотасы -2022 ж.
3.Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз,ҚР білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері
4.Ұлттық Интернет Олимпиадалына оқушы дайындағаны үшін Алғыс хат
5.Үздік сабақ жоспары Диплом
6.Жаңаарқа ауданы әкімінің Алғыс хаты – 2019ж
Қызметі: педагог-психолог
Туған жылы: 01.01.1976 жыл
Мекен жайы: Садыкбеова 12/2
Байланыс телефоны: 87005690175
Білімі: Б
олашақ университеті 2012 жыл, жоғары білімКатегория:педагог-модератор
Соңғы аттестациясы: 2021ж
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Жезқазған педагогикалық институтының орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, кейін Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген, педагог – сарапшы, еңбек өтілі 34 жыл.
Айман Мияшевна «Бименде Амалбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1989 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, 2009 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Еламан Шаханов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-не директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Алғаш еңбек жолын бастаған күннен бері әр сабағына жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты дайындалу ұстаз үшін бұлжымас ереже. Осы уақыт аралығында өзін білікті маман, мықты тәрбиеші ретінде көрсете білді. Оқу-тәрбие жұмысы кезінде өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Өте талапшыл, сабақтарын жақсы деңгейде өткізеді.
Мектеп басшысы ретінде Айман Мияшевна үнемі білімін жетілдіріп отырады, атап айтсақ: 2017 жылы Қарағанды қаласында Педагогикалық шеберлік орталығының филиалында «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтті.
- 2016 жылы Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерей тойына байланысты «Алаш мұраты және тәуелсіз Қазақстан» конференциясына қатысып, республикалық жинаққа Ә.Бөкейханұлы туралы мақаласы жарияланды.
Қарағанды облысының білім басқармасының білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды, 2018ж
Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында да тың ізденістермен тынымсыз жұмыс жасайды. Соның нәтижесі, еңбегінің жемісі – оқушылары аудандық, облыстық, республикалық олимпиада, сайыстарда жүлделі орындарда көрініп жүр.
Ұстаз еңбегінің жемісі- шәкірті десек, соның айғағы ретінде Айман дәріс беретін
2005 оқу жылында 11 А сынып оқушысы Лысенко Руслан облыстық олимпиадасында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша жүлделі І орын алып, І – дәрежелі дипломға ие болды
2005 оқу жылында 11 А сынып оқушысы Лысенко Руслан Талдықорған қаласында республикалық олимпиадасында орыс сыныптарындағы қазақ тілінен жүлделі орынға ие болды.
2007 оқу жылында 10 А сынып оқушысы Бурштейн Юлия облыстық олимпиадасында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша жүлделі ІІ орын алып, ІІ – дәрежелі дипломға ие болды және Көкшетау қаласына республикалық
олимпиадаға жолдама алды. 2007, 2008 оқу жылында 11 «А» сынып оқушылары Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің қорытындысы бойынша екі жыл қатарынан қазақ тілінен білім сапасы 100 % құрады.
2008 оқу жылында мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың І облыстық медиа – сабақтар фестивалінен аудан мектептері арасында І орынға ие болдым және І облыстық медиа – сабақтар фестивалінің диск -жинақтамасына «Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері, сазгерлер, әншілер, спортшылар, Жаңаарқа өңірінің тарихи тұлғалары» - атты сабағы жинаққа енді.
2009 оқу жылында 9 «В» сынып оқушысы Кемерова Кристина Аудандық олимпиадасында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша жүлделі І орын алып, І – дәрежелі дипломға ие болды.
2011 оқу жылында 5 «В» сынып оқушысы Кифель Дмитрий үш тілдік «Лингвист – 2011» облыстық олимпиадасына қазақ тілі пәні бойынша жүлделі ІІІ орын алып, ІІІ– дәрежелі дипломға ие болды.
10 сынып оқушысы Кифель Дмитрий 2016-2017 оқу жылында облыстық пәнаралық олимпиадасынан ІІІ орынға ие болса, 2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәнінен 11 сынып оқушысы Кифель Дмитрий тағы да ІІІ орынды иеленді және аудандық пәнаралық олимпиадада 8 сынып оқушысы Василенкова Анастасия І орынға ие болды.
2019-2020 оқу жылында республикалық «Дарын» олимпиадасынан 6 сынып оқушысы Ванькова Снежана І орынға ие болды.
2020-2021 оқу жылында Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті ҚР ОҚ ШҒА оқушылар сарайы гуманитарлық бағыттағы зерттеу, жобалау және шығармашылық жұмыстарының Республикалық байқауында жеңіске жеткен үшін 10 сынып оқушысы Грудинина Ксения ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және оқушы дайындағаны үшін Дипломмен марапатталдым.
2020-2021 оқу жылы Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі білім беру атты Ө.А. Байқоңыров атындағы республикалық ғылыми - практикалық конференциясының материалдарына «Көптілділік зияткерлік пен көпмәдениеттіліктің қайнар көзі» баяндамам шықты.
2021-2022 оқу жылы «Үштілділік-заман талабы» атты «Көкжиек» республикалық ғылыми-әдістемелік бағдарлама (үш тілде) авторлық бағдарламам шықты.
«Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» атты
мастер- класс іс-тәжірибесі пән бірлестіктеріне таратылды.
Астана қаласының 20 жылдық мерей-тойына орай өткен «Директордың үздік орынбасары-2018» атты республикалық байқауының материалдар жинағына «Ұлттық білім беруді жаңғыртудағы ұстаздар ролі» атты баяндамасы үздік деп жарияланып, І дәрежелі дипломмен және «Директордың үздік орынбасары-2018» атты төсбелгісімен марапатталды.
Айман Мияшевна - әріптестерінің, ата-аналарының, оқушыларының арасында сыйлы, құрметті, еңбекқор ұстаз. Өзіне тапсырылған әрбір жұмысты тыңғылықты атқарады. Ұстаздың жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегінен әлі де талай толағай табыстарға жететініне сеніміміз мол.
Еңбек өтілі: 10 жыл Білімі: жоғары Ғылыми дәрежесі: Химия ғылымдарының магистрі Отбасылық жағдайы: Тұрмыста
Балмағанбетова Аманкүл Бирназировна 01.01.1974 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылында дүниеге келген. Қазіргі танда Қараағаш бастауыш мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарады. Отбасылы. Еңбек өтілі 10 жыл. Білімі орта арнаулы.
Ахметова Гульнар Тлеухановна – химия пәнінің мұғалімі, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман.
Туған жылы: 07.02.1964 ж
Ұлты: қазақ
Еңбек өтілі: 35 жыл
Лауазымы бойынша еңбек өтілі: 5 жыл
Білімі: жоғары, Алматы Қазақ Педагогикалық институты химия факультетін 1985 жылы бітірген.
Біліктілігін арттыру туралы мәлімет: Қарағанды мұғалімдер білімін жетілдіру институты 2016 жыл, № 0173164
Қарағанды мұғалімдер білімін жетілдіру институты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген курсы 2017 жыл, № 03978
Қарағанды облысында білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмысын үйлестіруші мамандарға арналған «Кәсіби бағдар беру мектебі» оқу семинарынан сертификат 2017 жыл, КБМ № 00402
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» куәлік 2017 жыл, №006340
Қарағанды мұғалімдер білімін жетілдіру институты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген курсы 2018 жыл, № 004842
"Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару" шағын жинақты мектеп басшыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курс
№000663
Қарағанды облысы білім басқармасының алқа мәжілісі аясында 21 ақпан 2020 жылы өткен оқыту семинары.
№0082
"ШЖМ-де оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және басқару" 29.қазан.2021 жыл
№006988
Марапатталуы:
Қарағанды облыстық білім басқармасы Құрмет Грамотасы,2012 жыл.
Қарағанды облысы Кәсіподақтар федерациясы Құрмет Грамотасы,
2012 жыл.
Целинный ауылдық округі әкімінің Алғыс хаты, 2014 жыл.
Аудандық білім бөлімінің Мадақтама грамотасы, 2015 жыл.
Ахметова Гульнар Тлеухановна әріптестері алдында зор беделге ие. Ол өз мамандығын жанымен сүйе білген, оның қыры мен сырын толық қанды меңгерген маман.
Қызметі: Тәрбиеші
туған жылы: 01.07.1966ж
Мекен - жайы: Садуақасов көшесі 116/2, тел: 8 710 30 2 6189
Білімі:Орта-кәсіби Жезқазған педагогикалық училищесі
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі 1988ж
Категория: Санатсыз
Соңғы аттестациясы: 2022 ж
Педагог-сарапшы