Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Все
Жукенов Клыш Санашевич
Жукенов Клыш Санашевич

 

Жукенов Клыш Санашевич

директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары

 

Қарағанды мемлекеттік университетіндене тәрбиесіжәнеспортмамандығы бойынша бітірген, жоғары санатты маман, еңбек өтілі 20жыл.

Қылыш Санашұлы Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2002 жылдан бастап дене шынықтыру пәні  мұғалімі болып  қызмет  атқарып, 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің (РО) дене шынықтыру пәнінен 2004 жылдан бастап сабақ беріп келеді. 2021 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. 2022 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жукенов Клыш Санашевич - жұмысын жақсы меңгерген, жаңалыққа құмар, іздене білетін, еңбек сүйгіш мұғалім. Бойында нағыз ұстазға тән қасиеттер дарыған. Өз мамандығына барынша берілген, әрбір сабағын тәсілдері мен әдістерін жетік меңгерген, өз жұмысын сауаттылықпен атқаратын білікті маман, білгір ұстаз екенін таныта білді.

Жукенов Клыш Санашевич – әр сабағына тыңғылықты дайындалып, үлкен жауапкершілікпен қарайды. Салмақты, эмоционалды тұрақты, сезімтал, ұқыпты, өз уақыты мен өзгенің уақытын дұрыс ұйымдастыра біледі. Ол өзінің әрбір сабағына үлкен дайындықпен келеді. Берілген іске аса бір жауапкершілікпен қарайтын қасиетін де жоғары бағалауға болады. Оқушыларды өз сабағына барынша тарта алады, өз пәнін жақсы меңгерген маман. Тәжірибесін әрқашанда әріптестерімен бөліседі.

Мұғалім нәтижесі:

1. Жазғы президенттік көпсайыстан «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер», 18.12.2015 жыл.

2. Қысқы президенттік көпсайыстан «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер», 20.04.2021 жыл.

3. Қазақстан Республикасының Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс Федерациялар Одағының Құрмет Грамотасы, қараша 2020.

4. Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хаты, 2021жыл.

5. Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2020» Бас жүлде Диплом, 2020 жыл.

6. Қарағанды облысының білім басқармасының Алғыс хаты, 2020ж.

7. 12 наурыз 2021 жылы «Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық газетінің №4 (60) нөміріне мақалам жарыққа шықты. Мақаланың аты«Ұстаз тілегі»

8. Сонымен қатар осы мақала Республикалық «Спорт жұлдыздары» журналына №2 (97) наурыз-сәуір 2021 номеріне де шықты. Мақаланың аты«Ұстаз тілегі»

9. 2020 жылы өткен облыстық «Saryarka» онлайн Спартакиадасына Жеңіл атлетикадан Жаңаарқа құрамасы командалық ІІ орынға ие болдық.

10. 2020 жылы өткен облыстық «Saryarka» онлайн Спартакиадасына ауыр атлетикадан Жаңаарқа құрама командасына Жетписбаева Ильмира Бауыржановна қатысып жүлделі І орынға ие болды.

11. Жазғы Президенттік көпсайстан дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында өткен республикалық турнирде 35-39 жас аралығында 1 орын, Диплом 2020.

12. 2021 жылдың Қазан айында «Қарсы алады, «Спорт-шеру» кемесі!» атты мақалам облыстық «Ұлытау» және «Орталық қазақстан» газеттеріне жарыққа шықты.

13. 2021 жылы «Қарлы қыс – 2021» облыстық қысқы ауыл спартакиадасында шайбалы хоккейден ІІІ орынға иеленді

14. 2021 жылы өткен облыстық «Saryarka» онлайн Спартакиадасына Жеңіл атлетикадан Жаңаарқа құрамасы командалық ІІ орынға ие болдық.

15. 2021 жылы өткен облыстық «Saryarka» онлайн Спартакиадасына ауыр атлетикадан Жаңаарқа құрама командасына Жетписбаева Ильмира Бауыржановна қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды.

16. Қысқы Президенттік көпсайстан дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында өткен республикалық турнирде 35-39 жас аралығында 1 орын, Диплом 2021.

17. 2022 жылы «Қарлы қыс – 2022» облыстық қысқы ауыл спартакиадасында конькимен шапшаң сырғанаудан ІІ орынға иеленді.

18. 2022 жылы Педагогтер арасында дәстүрлі Жезқазған аймақтық спартакиадасында волейболдан 1 орын, Диплом

19. 2022 жыл Жаңаарқа ауданы әкімі Алғыс хат.

20. Жаңаарқа ауданы, Білім мазмұнын жаңарту және озық авторлық іс-тәжірибені анықтау мен тарату мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсына қатысқаны үшін Мадақтама - 2022

21. «Қазақтың ұлттық ойыны – асық» атты авторлық бағдарламасы «ҚР Ұлттық кітапханасында» тіркеліп, ӘОЖ нөмірімен республикалық көлемде шықты. Көкжиек, №109. Сертификат – 2022.

22. «Коньки спорты» атты авторлық бағдарламасы «ҚР Ұлттық кітапханасында» тіркеліп, ӘОЖ нөмірімен республикалық көлемде шықты. Көкжиек, №1121. Сертификат – 2022.

23. Жаңаарқа ауданы білім беру ұйымдарындағы дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында өткізілген Президенттік сынақта «Президенттік деңгейден» өткендігі үшін Мадақтамамен марапатталды 2022

24. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы, Төрайым А.Мұқашева Құрмет грамотасы, Нұр-Сұлтан – 2022

25. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Бойтұмар», «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Атаевпен сұхбат» атты жарияланымы үшін Диплом 2022

26. Жаңаарқа ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды - 2022.

27. Жаңаарқа ауданының «Үздік педагог» республикалық конкурысының жеңімпазы – 2022.

28. 2022 жылдың қазан айында Республикалық ғылыми-практикалық, спорттық-патриоттық «Спорт жұлдыздары» журналының 15 жылдығана орай Күштік гимнастикадан мектеп оқушылары арасында өткен республикалық онлайн турнирде 13-14 жас аралығында кеудені жерден қолды бүгіп тіреу арқылы көтеруден І орын алған Заика Полина Дипломмен марапатталды.

29. 2022 жылдың 25 қазан мерекесі күні қарсанында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Алғысымен марапатталды.

30. Ұлытау облысының «Үздік педагог» республикалық конкурысының жеңімпазы – 2022.

Ермекбаева Гүлдана Тлеубаевна
Ермекбаева Гүлдана Тлеубаевна

 

Ермекбаева Гүлдана Тлеубаевна

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

      Ермекбаева Гүлдана Тлеубаевна  «Еламан Шаханов атындағы тірек мектебі (РО)» КММ  2003 жылдан бастап бастауыш пәнінен  дәріс беріп  келеді. Алғаш еңбек жолын бастаған күннен бері әр сабағына жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты дайындалу ұстаз үшін бұлжымас ереже. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Е.Шаханов атындағы тірек мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.Осы уақыт аралығында өзін білікті маман,мықты тәрбиеші ретінде көрсете білді. Білімін жетілдіре отырып,  жаңа заман талабына сай шәкірт дайындап шығару алдына қойған басты мақсаты.

     Осы мақсатқа сай мұғалімімен оқушылары төмендегі жетістіктерге қол жеткізді:  

  • «Өрлеу Қазақстан Қоғамдық қоры» тарапынан ұйымдастырылған Республикалық «Қыстың күйі көңілді» онлайн сайысы Алғыс хат, 2021 жыл.
  •  «Ұлы дала баласы»  Республикалық  білім саласына қосқан белсендігі үшін Құрмет грамотасы, 2022 жыл.
  • «Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жетістік бағыттаушысы» қысқа мерзімді сабақ жоспарлар сайысында Қарағанды облысы білім басқармасынан III дәрежелі Диплом, 2021 жыл
  • Халықаралық байқау «Гармония»  Алғыс хат, 2021 жыл
  • «Ұлы дала баласы» ұлттық білім сайысы, облыстық кезең, Алғыс хат 2021 жыл
  • Республикалық «Айгөлек» журналынан Алғыс хат, 2019 жыл
  • Халықаралық «Таңғы шұғыла» байқауы 2019 жыл
  • «Ұлы дала әуені» Халықаралық байқауына лауреат дайындағаны үшін Алғыс хат, 2019 жыл
  • Облыстық  «Жыл мұғалімі» Алғыс хат, 2019 жыл
  • IV Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасы I дәрежелі Диплом, 2021жыл
  •  «Тәуелсіздігімізге 30 жыл» тақырыбы бойынша ән номинациясында жүлделі орын иеленгені үшін, «Өрлеу Қазақстан қоғамдық қоры тарапынан» Ғабдулла Аружан Жанатқызы I дәрежелі Диплом,2021 жыл

 

  • BILIMTIME.KZ ұстаздарға арналған әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үздік бастауыш сынып оқушысы» қашықтық олимпиадасы Марат Әлишер I дәрежелі Диплом,2021 жыл

 

  • Республикалық «Тәуелсіздігімізге 30 жыл» тақырыбы бойынша ән номинациясында жүлделі орын иеленгені үшін, «Өрлеу Қазақстан қоғамдық қоры тарапынан» Нургали Санжар I дәрежелі Диплом, 2021 жыл

 

  •  «Altyn Qyran» зияткерлік байқауының жеңімпазы Марат Әлишер Мейрамұлы III орын, 2021 жыл.

 

  •  Интернет олимпиада «Үздік бастауыш сынып оқушысы» Нургали Санжар I дәрежелі Диплом, 2021 жыл.

 

  •  BILIMTIME.KZ ұстаздарға арналған әдістемелік орталығы «Үздік бастауыш сынып оқушысы»олимпиадасы Ғабдулла Аружан І дәрежелі Диплом, 2021 жыл.

 

  •  Мектепішілік пән олимпиадасы Марат Әлішер математика пәнінен

 І орын, 2021-2022 жыл.

  •  Мектепішілік пән олимпиадасы Ғабдулла Аружан  қазақ тілі пәнінен  ІІ орын, 2021-2022 жыл.
  •  Мектепішілік пән  олимпиадасы Кәрібаев Рүстем  қазақ тілі пәнінен

І орын, 2021-2022 жыл.

  •  Мектепішілік олимпиадасы  Айтбек Айару  математика пәнінен  ІІ орын, 2021-2022 жыл.
  •  «Ұлы дала баласы» ұлттық білім сайыстарының облыстық кезеңінде I дәрежелі Диплом Серғазы Аяжан, Қазбекова Малика, Ғабдулла Аружан, Серік Санжар, Марат Әлішер, Мәуленқұл Сымбат, Айтбек Айару, Баев АльИхсан, 2021 жыл.
  •  «Тәуелсіз елім-Қазақстаным» атты Республикалық байқау Серік Санжар ІІ дәрежелі Диплом, 2021 жыл.
  •  «Тәуелсіздікке тарту» ІІ республикалық байқау Серік Санжар ІІ дәрежелі Диплом,2021 жыл.
  • Математика пәні бойынша Н.Қайырбеков атындағы Облыстық математика олимпиадасынан Сейтжанова Зере III орын, Ғалымұлы Ілияс  III орын, 2019 жыл.
  • «Бақытты балалық шақ» аудандық эссе байқауынан Қауан Рауан І орын, Ерсайын Айзара III орын,2021 жыл
  • «Ақжелең» Халықаралық байқаудан Мелс Нүрсалим І орын,2019 жыл
  • «Тәуелсіздік тұғырым»атты республикалық байқауы «Тәуелсіздік-киелі ұғым»эссе Нажит Ерасыл І орын, 2021жыл
  • «Тәуелсіздік тұғырым»атты республикалық байқауы «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» эссе  Рахымтай Назым Бас жүлде, 2019 жыл.
  • «Мир художников» Халықаралық байқаудан Қауан Рауан І орын, 2019 жыл.
  • Аудандық эссе байқауынан Ғабдулла Мұхаммедғалы ІІ орын, 2019 жыл.
  • «Ақбота»интеллектуалдық марафоны Ғабдулла МұхаммедғалыIIIорын, 2019 жыл.
  •  «Ұлы дала» Халықаралық байқаудан Ғабдулла Мұхаммедғалы І орын, 2019 жыл.
  • Халықаралық «Гармония» байқауынан Ғабдулла Мұхаммедғалы І орын, 2019 жыл.
  • «Жас қанат жастар-2018» І Республикалық жас орындаушылар конкурсы Дәулетова Зере I орын, 2018 жыл.
  • «Ұлы дала әуені»Халықаралық байқауы көркем сөз номинациясы бойынша Дәулетова Зере  І дәрежелі Диплом,2018 жыл.
  •  Облыстық байқау «Туған соқпақтар»виртуалды саяхат байқауының жүлдегері Ерсайын Айзара ІІІ дәрежелі Диплом, 2019 жыл.
  • «Жас ғалым» атты Республикалық байқаудан Ерсайын Айзара І орын, 2019 жыл
  • Халықаралық «ПОНИ»байқауының жеңімпазы Ерсайын Айзара  I орын, 2019 жыл
  • «Айгөлек» журналына Ерсайын Айзара «Туған жер» тақырыбында   Мақала, 2019 жыл
  • «Nur Nauryz Fest» республикалық конкурсында көркемсөз номинациясы бойынша Ерсайын Айзара Бас жүлде, 2019 жыл
  • «Ұлы дала» Халықаралық байқаудан Ерсайын Айзара І орын,2019 жыл.
  • «Бақытты балалық шақ»  аудандық эссе байқауынан Ерсайын Айзара Бас жүлде, 2019жыл
  •  Халықаралық «Гармония» байқауы  Ерсайын Айзара  I орын, 2019 жыл
  • Республикалық «Астана балалар әні» байқауы Ерсайын Айзара Мадақтама, 2019жыл
  • «Нұр Отан» партиясынан Ерсайын  Айзара Алғыс хат, 2019 жыл
  • Облыстық «Халық аспаптар» байқауынан Рахымтай Әділет ІІІ орын, 2019 жыл
  • Республикалық «Бастау» математика олимпиадасынан Сейтжанова Зере  ІІІ орын,  Ғабдулла Мұхаммедғалы ІІІ орын, 2018 жыл
  • «Көкжиек » республикалық ғылыми-әдістемелік орталығынан «Алтын-күз-2018» атты шығармашылық байқау Ерсайын Айзара Бас жүлде, Берік Аружан  І орын, Рахметжан Мұхамедқасым  ІІ орын,2019 жыл
  • Республикалық «Жауқазын жырлар» байқауынан Ерсайын Айзара І орын, 2018 жыл
  • Республикалық «Сүйейік, табиғатты аялайық!»атты байқауы  көркемсөз номинациясы бойынша Ғабдулла Мұхамедғалы  І орын ,2018 жыл
  • Республикалық «Жас ғалым» атты байқаудан Ерсайын Айзара І орын, 2018 жыл
  • Халықаралық «Таңғы шұғыла» көркемсөз байқауы Даулетова Зере І орын, 2020 жыл
  • «Айгөлек» журналына  Марат Әлішер «Туған тілім» тақырыбында  мақала,  2022 жыл

-   2017,2018,2019  жылдары «Айгөлек» журналына сыныппен жазылды

  - Республикалық «Ақбота» олимпиадасынан Айтбек Айару,Серік Санжар, Мәуленқұл Сымбат, Азамат Әсет, Баев АльИхсан  ІІ орын иегерлері ,2023 жыл  

 - Республикалық«Кенгру-математика»олимпиадасы Нұрғали Санжар, Марат Әлішер І орын, 2022 жыл

- Республикалық «Бастау» олимпиадасы Марат Әлішер ІІ орын, 2022  жыл

- Республикалық «Мұқағали Мақатаев» оқулары байқауы Елубай Дарын ІІ орын,  Нұрғали Санжар  ІІІ орын, 2022 жыл

     Оқушылардың өздік іздену жұмыстарын жетілдіруде дарынды оқушылармен үнемі дамыту жұмыстарын жүргізе отырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген ұстаз.

      Ермекбаева Гүлдана Тлеубаевна әріптестерінің, ата-аналарының, оқушыларының арасында сыйлы, құрметті, еңбекқор ұстаз. Өзіне тапсырылған әрбір жұмысты тыңғылықты атқарады. Ұстаздың жас ұрпақты тәрбиелеудегі  еңбегінен әлі де талай толағай табыстарға жететініне сеніміміз мол. 

    

Аштаев Тілеш Бейсенбаевич
Аштаев Тілеш Бейсенбаевич

 

Аштаев Тілеш Бейсенбаевич

директордың бейінді оқыту  жөніндегі орынбасары.

«Қазақстан Респуликасының білім беру ісінің құрметті қызметкері"

 

 

   Аштаев Тілеш Бейсенбаевич

 «Еламан Шаханов атындағы тірек мектебі (РО)» КММ  2020 жылдан бастап директордың бейінді оқыту  жөніндегі орынбасары.

   1986 жылдан бері физика пәні мұғалімі.  Осы  уақыт аралығында білім беру саласының әр түрлі деңгейінде қызмет атқарып келді. Өзін білікті маман, мықты басшы ретінде көрсете білді. Білімін жетілдіре отырып,  жаңа заман талабына сай шәкірт дайындап шығаруды басты мақсат етіп қойған ұстаз.

1. Тегі, аты, әкесінің аты : Аштаев Тілеш Бейсенбаевич

2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: «Еламан Шаханов атындағы  тірек  мектебі (РО)» КММ директордың бейінді оқыту  жөніндегі орынбасары. физика  пәнінің мұғалімі.

3. Жынысы:    ер

4. Туған жылы және туған жері :  11 маусым 1964жылы, Қарағанды облысы, Жаңаарқа  ауданы

5.Білімі: Жоғары

6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:  -

7. Мекен-жайы : Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Абай көшесі, 41 үй                                                                                        

8. Жалпы жұмыс өтілі : 43 жыл

9. Саладағы жұмыс өтілі: 34 жыл

10. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 3 жыл

11. Марапатталушының нақты негізгі еңбегін көрсететін мінездемесі:

   

бiрiншiсi 1 2 кел. соңғысы соңғысы