1945 жылы 4 сәуірде Қарағанды –Сұрыптау станциясында туылған. 1967 жылы Қарағанды пединститутында физика-математика факультетінде дәріс алып, физика және математика пәндері мұғалімі мамандығын алып шықты. 1952 жылы Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы №77 аралас орта мектебінің табалдырығын аттады. 1960 жылы Жаңаарқа ауданы орталығына көшіп келіп, №161 қазақ орта мектебін 1962 жылы үздік бітіріп, сол жылы Қарағанды педагогикалық институты физика-математика факультетінің физика-химия бөліміне қабылданды. 1967 жылы ҚарПИ-ді бітіріп, Жаңаарқа ауданына жолдамамен келді. 1967 жылы 16 тамызында теміржол торабына қарасты №160 орыс мектебіне физика-химия пәнінің мұғалімі болып орналасты. 1981-1983 жылдары осы мектепте мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастырушы қызметін атқарды. 1991 жылдан бастап 2003 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Алтын Жұматайқызы №132 орта мектебінде 2011 жылға дейін үзіліссіз тура 44 жыл қызмет атқарды. Оқушыға сапалы білім беруді алдына мақсат етіп қойған ұстаз алдынан дәріс алған шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқаруда. Медицина саласында Пакистанда Бессонов В, Ресейде Примаков А, өз елімізде Астана қаласында Хамитова М.М.Ұстаз еібегі өлшеусіз екені даусыз. Дегенмен әр жылдарда төмендегідей марапаттауларға ие болды.«Еңбек ардагері» медалі, 1988ж.
«Тың игеруші» медалі, 1980ж.ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы», 2003ж. Аудан әкімінің «Құрмет грамотасы», 2002ж.,2007ж.
1940 жылы 22 шілдеде Көкшетау облысы Щучинск қаласында туылған.
1962 жылы шет тілдері институтын бітіріп, неміс тілі пәнінің мұғалімі мамандығына ие болған. Аудан бойынша ең бірінші шет тілінің маманы болып келген қазақ қызы. 1962 жылдың 5 тамызынан зейнеткерлікке шыққанға дейін №132 орта мектебінде неміс тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен.
Еңбек өтілі – 43 жыл
2002 жылы зейнеткерлікке шығып, 2005 жылға дейін осы мектепте еңбек етті. Марапаттаулары:«За трудовую доблесть» медалі, 1970ж.«Победитель соцсоревнования» медалі, 1976ж.«Почетная грамота МПС»- Целинной желдороги
«Халық ағарту ісінің озық қызметкері»- 1978ж.«Отличник нородного просвещения» медалі, 1976ж.«Еңбек ардагері» медалі, 1984ж.
1947 жылы 19 сәуірде Жаңаарқа ауданында туған. Мектепті 1965 жылы бітіріп, 1969 жылы Қазақ Қыздар пединститутын орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1969 жылы еңбек жолын Талдықорған облысы, Киров ауданы, Айнабұлақ станциясының орыс мектебінде мұғалім болып бастаған.
1976 жылы туған ауылына оралып, еңбек жолын Н.К. Крупская атындағы орта мектебінде жалғастырған.
1976 жылдың тамыз айына дейін аудандық оқу бөлімінде әдіскер болып жұмыс атқарған.
1978 жылдың қыркүйек айынан бастап №132 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. 2000 жылы зейнеткерлікке шықты.
Марапаттаулары:Тың темір жолы басқармасының Құрмет грамотасы,1985 ж.
Аудандық оқу бөлімінің Құрмет грамотасы,1988ж.
15.02.1936 жылы Украинада Донецк облысында туған. 1944 жылы мектепке барады, 7 сыныптан бастап Жаңаарқа станциясындағы №69/ №160 мектепте оқыды.Мектепті бітіргеннен кейін сол кездегі мектеп директоры Павленко Л.И. мұғалімдікке деген қырын байқап төменгі сыныптарға дәріс беруші есебінде жұмысқа алады. Осыдан кейін Анна Александровна Абай атындағы педучилищеге оқуға түседі. Оны бітіргеннен кейін ҚарМУ-ден орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын алып шығады. Осыдан бастап жоғары сыныптарға дәріс бере бастады. Жұмысқа деген ерекше құлшынысын байқаған сол кездегі мектеп директоры К.Хасенов оған бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі лауазымын сеніп тапсырды. Пономаренко А.А.өз уаұытында партия, комсомол ұйымдары жұмыстарына белсене араласты. Оның осы еңбегі елеусіз қалған жоқ. «Педагогикалық шеберлігі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен теміржол тарапынан, мектеп әкімшілігі тарапынан көптеген марапаттауларға ие болды. Анна Александровна жас ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қоақан ұстаздар санатында көп еңбек сіңірді.
Самара қаласында (бұрынғы Куйбышевский) физика-математика факульттінде оқыған. 1977 жылы арнайы жолдамамен біздің ауданға келген. 1987 жылға дейінгі аралықта №132 орта мектебінде жұмыс істеді. Аздаған уақыт тәрбие жұмысын ұйымдастырушы лауазымын да атқарды.
1936 жылы Уфа қаласында туған. Жетіжылдық мектепті бітіріп 1953 жылы Уфа кітапхана техникумына оқуға түседі. Комсомолдық жолдамамен тың игеру жұмыстарына жіберіліп, Атасу поселкесіндегі балалар кітапханасына орналасады. 1962 жылы теміржол бөлімшесінің сұранысымен техникалық кітапханаға ауысады. 1964-69 жылдар аралығында Алматыда пединститутта сырттай оқып жоғары білім алып шығады. 1974 жылдан бастап №132 орта мектебінде технология пәнінен зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті. 2002 жылы Германияға көшіп кетті.
1959 жылы Атасу поселкесінде туған. Орталау мектепті бітіргеннен кейін Жезқазған педтехникумына оқуға түсті. 1978 жылы оны бітіріп мектепке орналасты. Содан 2002 жылға дейін қызмет атқарды.
1961 жылы 25 қазан күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.Қаражал қаласының № 1 мектеп табалдырығын 1968 жылы аттады.1978 жылы № 132 орта мектебін тәмамдаған.1987 жылы Жезқазған педагогикалық институтының география биология факультетіне түсіп,1987 жылы бітіріп шықты. 1987-2005 жылдары Н.К.Крупская мектебінде қызмет атқарды.2005 жылдан бастап № 132 орта мектебінде тәрбие ісінің меңгерушісі және география пәнінің мұғалімі болып істейді.Оқушыларға сапалы білім беру үшін әртүрлі әдістерді қолданады, дәстүрлі емес сабақтарды да өткізеді.Қазіргі заман талабына сай ұстаз ретінде әртүрлі технологияны қолданады. 1993 жылдан бастап өзі қызмет атқарған мектептерде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін жемңсті атқарып келеді. Мектеп,аудан көлеміндегі семинар, курстарға белсене қатысып, баяндамалар жасаған. Жоғары санатты мұғалім. Облыстың , ауданның саяси өміріне белсене қатысады. Жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін 1998 жылы облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы мен мәдениетін өркендетуге қосқан ерекше еңбегі,жоғары кәсіптік шеберлігі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін бірнеше мәрте аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.2005 жылы «Өз мамандығының үздігі» белгісі мен сертификатпен марапатталды. 2007 жылы «География пән мұғалімінің үздігі» болды.2011 жылы облыстық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, «Қазақ географиялық қоғам»бірлестігінің облыстық пән олимпиадасына 11 сынып оқушысы Е.Қошанды дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.Оқушылары облыстық,аудандық пән олимпиадаларының жүлдегерлері, солардың ішінде «Сарыарқа дарыны», «Біз біргеміз!» У Форумының «Үздік жоба» иегері 2012 жылғы мектеп түлегі Қошан Ерасылды, 2004 жылы «Арал тағдыры балалардың көзімен»халықаралық конференцияда ғылым жұмыс бойынша 2 орын иеленген Жумадильдин Ануарды атауға болады.
1959 жылы 19 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келді.Әкесі Смағұлов Әбумахман мұғалім, анасы Әбілжанова Қалима дүкенші болып жұмыс істеген.1966 жылы Жаңаарқа ауданының В.И.Ленин атындағы орта мектептің 1сыныбына барып осы мектепті 1976 жылы бітірген.1976 жылы Алматы шетел тілдер педагогикалық институтына түсіп, оны 1981 жылы бітіріп ағылшын және неміс тілдері мұғалімі мамандығын алды.Институтты бітіргеннен кейін Жаңаарқа ауданының С.Сейфуллин орта мектебіне ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа тұрды.1982 жылдың мамырынан 1983 жылдың желтоқсан айына дейін әскер қатарында болды.1983 жылдың желтоқсан айынан бастап С.Сейфуллин орта мектебінде мұғалімдік жұмысымды жалғастырды.1985-1991 жылы С.Сейфуллин орта мектебінде директордың тәрбие ісі орынбасары, 1991-1996 жылы директордың оқу ісі орынбасары, 1996-2005 жылы С.Сейфуллин орта мектебінің директоры қызметтерін атқарды. 2005-2006 жылы Н.К.Крупская орта мектебінде мектеп директоры тәрбие ісі орынбасары қызметін атқарды. 2006 жылдың
1-қыркүйек айынан №132 орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.Тапсырмаларды табысты орындағаны үшін 2003 жылы Облыстық білім департаментінің Құрмет Грамотасымен, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тест орталығының «Алғыс хатымен», 2001, 2010 жылдары Аудан әкімінің Құрмет Грамотасымен 2001, 2010 жылдары Аудандық білім бөлімінің Мадақтамасымен марапатталды. 2012 жылы Облыстық білім департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.