![Бимендина Кулшат Жакенқызы](/media/img/peoples/5c5944a1c27cf.jpg)
Бимендина Кулшат Жакенқызы 1966 жылы 1 қазанда Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылында дүниеге келген.
1975-1982 жылдары Ынталы орта мектебін үздік оқып, бітірген.
1982-1986 жылдары Жезқазған педагогикалық училищесін "Бастауыш сынып мұғалімі" мамандығын аяқтады.
2003-2006 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеттің "Әлеуметті педагогика" факультетін үздік дипломмен бітірген.
2016-2017 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеттің "Тарих" факультетін бітірген.
Білімі -жоғары, санаты -І, еңбек өтілі -32 жыл.
Аудандық, облыстық мадақтамалар иегері.
2010 жылдың 18 қыркүйегінен бастап Жаңаарқа жалпы орта білім беретін мектебінің директоры болып қызмет атқарып келеді.
Гулшат Жәкенқызы барлық күш жігерін, білімін, тәжірбиесін, атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды.
![Жапилова Махаббат Уахитовна](/media/img/peoples/59d5cc3273520.png)
Жапилова Махаббат Уахитовна 1968 жылы 24 сәуірде Қарағанды облысы, Сарань қаласында өмірге келген.
1985 жылы С.Сейфуллина атындағы Ынтымақ орта мектебін бітірген.
1990 жылы Жезқазған педагогикалық институтын бітірген.
Білімі -жоғары. Мамандығы - қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1990 жылы Ынтымақ орта мекбінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
1991 жылы Жаңаарқа негізгі мектебіне ауысты
Жұмыс өтілі -28 жыл. Санаты -І.
2003 жылдан бастап Жаңаарқа ЖОББМ мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Тұрмыста, 4 баланың анасы.
![Жолдыбаева Еркінай Төлеутайқызы](/media/img/peoples/5c59443aef269.jpg)
Жолдыбаева Еркінай Төлеутайқызы 1966 жылы 21 наурызда дүние келген.
1985-1989 жылдары Жезқазған педагогикалық институтының "Еңбек және жалпы техникалық пәндер" мамандығын бітірген.
1984 жылы Жаңаарқа №1 балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеді.
1989 жылы Кенжебай -Самай ауылында "аға тәлімгер" және еңбек пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
1990 жылы Жаңаарқа негізгі мектебіне технология пәнінің мұғалімі болып ауысты.
Еңбек өтілі -34 жыл. Санаты -І.
2018 жылы Жаңаарқа ЖОББМ директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді.
Тұрмыста, 3 баланың анасы.
![Сейфуллина Ұлжан Боранбаевна](/media/img/peoples/5c7e01d2c7ae9.jpg)
Сейфуллина Ұлжан Боранбаевна 13 қазан 1981 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. 1988-2008 жылдары С. Сейфуллин атындағы қазақ орта мектебін бітірді. 1998-2001 жылдары Саран гуманитарлық -техникалық колледжін "Бастауыш сыныптар " мамандығын, 2002-2005 жылдары Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін "Әлеуметтік педагог" мамандығы бойынша бітірген. 2001 -2017жылдарда М.Жұмажанов селолық окургіндегі Жаңаарқа негізгі мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі таңда директордың оқу -әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Санаты -І, еңбек өтілі -17 жыл.
Тұрмыста, 3 баланың анасы.
![Елеусизова Жазира Алибековна](/media/img/peoples/5c7f9af33d2e9.jpg)
Елеусизова Жазира Алибековна 18.05.1977жылы дүниеге келген.
Ұлты -қазақ
Білімі -жоғары, 2005-2008 жж Жезқазған Орта -Азиялық Университетін "педагог-психолог" мамандығын игерген. Қазіргі таңда Жаңаарқа ЖОББМ -де мектеп психологы қызметін атқарып келеді.
Тұрмыста, 4 баланың анасы
![Жумакаева Асемгул Даулетбаевна](/media/img/peoples/5c7f9ce6c34d3.jpg)
Жумакаева Асемгул Даулетбаевна қыркүйектің 26- сы 1989жылы дүниеге келген.
Ұлты -қазақ.
Білімі - орта арнаулы, 2007-2009жж Тәттімбет атындағы өнер колледжін "Кітапхана ісі" мамандығын игерген.
Қазіргі таңда -мектеп кітапханашы қызметін атқарып келеді.
Тұрмыста, 3 баланың анасы.