п. Атасу, ул. Абая, 23
5-06-67, 2-64-34
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 409
Плохо - 93
Хорошо - 55
Так себе - 50
Затрудняюсь ответить - 47
Всего проголосовало: 654
Смотреть результат
Статистика посещений
Руководство
Рахимов Рскали Серикбаевич
Рахимов Рскали Серикбаевич

     1964 жылы 6-шы ақпанда Жаңаарқа ауданы, Ақтау елді мекенінде өмірге келдім. 1981 жылы Атасу орта мектебін бітірдім. 1981-1986 жылдары Қарағанды қаласындағы Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінің физика факультетінде оқып, физика оқытушы мамандығын алдым. Еңбек жолын 1986 жылдан бастап, Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек орта мектебінде тәрбие ісінің меңгерушісі қызметін бастадым.

    1987 жылы оқу ісі меңгерушісі, 1989-1996 жылдары Ақтүбек орта мектебінің мектеп директоры қызметін атқардым. 1996-1997 жылдар оқу ісінің меңгерушісі қызмет атқардым.

    1998-2011 жылдары Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылы, Ынталы орта мектебінде директорлық қызмет атқардым.

    2011 жылдан бастап Жаңаарқа ауданы С.Сейфуллин орта мектебінде  директорлық қызмет атқардым.

    2014-2022 жылға дейін О.Жұмабеков атындағы орта мектепте директорлық қызмет атқардым. 2022 жылдың толық айынан бастап С.Сейфуллин атындағы орта мектепте директорлық қызметін атқарып келемін.

    2016 жылдың 20-шы қаңтарынан сәуір айының 04-не дейін Жаңаарқа ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары қызметін атқардым. Аудан мәслихат депутаттығына сайландым.

    Отбасы жағдайым: жолдасым Рахимова Мақпал, мамандығы дәрігер. Аудан ауруханасында дәрігер болып жұмыс істейді. Төрт балам бар. Үлкеніміз Жомарт Қарағанды қаласында Е.А.Бөкетов атындағы университетті бітіріп, программист мамандығын алған. Медициналық академияда программист болып жұмыс істейді. Отбасын құрған. Гүлімай, Шахнұр атты немереміз бар. Жадыра Қарағнады гуманитарлық колледжін бітірді. Жадыра мұғалім мамандығы бойынша жұмыс атқарады. Даулет Қарағанды политехникалық университетін бітірді. Отбасылы Алинұр, Әліби атты немереміз бар. Ақерке 2022 жылдан бастап Қарағанды Е.А.Бөкетов атындағы университетінің студенті.