Аудандық білім бөлімінің бас маманы
Лауазымдық міндеті:
Азаматтарға мектепке дейінгі тәрбие мен жалпыға міндетті орта білімнің берілуін жүзеге асырады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, олардың жалпыға міндетті орта білім алуларын ұйымдастырады. Кешкі /ауысымды/ оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді. Білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады. Балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді. Аудан ауқымында пән олимпиадаларын өткізуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі және мектептен тыс білім мекемелерін құрылуын, қайта құрылуын, таратылуын, лицензиялануын, аттестаттаудан өтуін ұйымдастырады.
Өз міндеттеріне сәйкес бөлімге келіп түскен хаттарға жауап беруге міндетті.
Жауапты мектептер: О.Әлібаев ЖОББМ, Ақтүбек ЖОББМ, С.Сейфуллин ЖОББМ,№144 НМ,№140 БМ,Қарағаш ЖОББМ