Арнайы білімдерден басқа, жетекші мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді білуі керек. Бұл біліктілік сипаттамаларында көрсетілген. Төменде сізге жұмыста қажет болатын құжаттар тізімі берілді.
1. ҚР Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы, басқа заңнамалық актілерге қатысты алғашқы заң, құқықтық нормалардың қайнар көзі.
2. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 26.12.2011 ж. № 518 – IV ҚР Кодексі – неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, оның дамуын ҚР Мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
3. ҚР 23.11.2015 № 414-V Еңбек кодексі - еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған еңбек және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды құқықтық реттеуді жүзеге асырады, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төменгі кепілдіктерін белгілейді.
4. ҚР 27.07.2007 ж. № 319-III «Білім туралы» заңы – білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін анықтайды.
5. «Педагог мәртебесі туралы» 27.12.2019 ж. № 293-VI ҚР заңы – педагог мәртебесін айқындайды, құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.
6. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» 08.08.2002 ж. № 345 ҚР Заңы – ҚР Конституциясында кепілдік берілген баланың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
7. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 11.07.2002 ж. № 343 ҚР Заңы – Кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындайды, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін құруға, оларды тәрбиелеуге, оқытуға, еңбек және кәсіби даярлауға байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектігінің алдын алуға бағытталған.
8. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 21.07.2007 ж. № 306 ҚР Заңы – ойыншықтардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша талаптарды анықтау, белгілеу, қолдану, орындау және бақылау бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді.
9. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ҚР Үкіметінің 27.12.2019 ж. № 988 қаулысы.
10. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 30.01.2008 ж. № 77 қаулысы.
11. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысы – базалық лауазымдық айлықақыны, лауазымдық айлықақыны есептеу үшін коэффициенттерді; ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақыларды белгілейді; үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және жұмыскерлерге ынталандыру үстемеақылары белгіленетін шығыстар түрлерінің тізбесін белгілейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс бойынша сіздің есебіңізге арналған төрт бұйрық, ереже және жылдық жоспар
12. «Білім берудің барлық деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 ж. № 604 бұйрығы.
13. «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 20.12.2012 ж. № 557 бұйрығы.
14. ҚР «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі м.а. 12.08.2016 ж. № 499 бұйрығы.
15. «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 17.05.2019 ж. № 217 бұйрығы.
16. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 30.10.2018 ж. № 595 бұйрығы.
17. «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 19.06.2020 ж. № 254 бұйрығы.
18. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 ж. № 122 бұйрығы.
19. «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дуальді оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 ж. № 93 бұйрығы.
20. «Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды даярлық топтарында/сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 13.08.2020 ж. № 345 бұйрығы.
21. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 13.07.2009 ж. № 338 бұйрығы.
22. «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 ж. № 70 бұйрығы.
23. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2017 ж. № 355 бұйрығы.
24. «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 ж. № 95 бұйрығы.
Сіздің бақшаңыздағы бухгалтерлік есептің айқындығын тексерудің бес жедел әдісі
25. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 12.10.2018 жылғы № 564 бұйрығы.
26. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 ж. № 83 бұйрығы.
27. «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2019 ж. № 49 және ҚР Білім және ғылым министрінің 23.01.2019 ж. № 32 бірлескен бұйрығы.
28. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.08.2017 ж. № 615 бұйрығы.
Бұл сіздің мектепке дейінгі ұйымның жергілікті актілерін жасауға және бекітуге болатын негізгі құқықтық актілер.
Сіз құқықтық актілерді қандай түрде: қағаз немесе электрондық түрде сақтауды өз бетінше шешуге құқылысыз. Ең бастысы – соңғы редакциядағы құжаттарды пайдалану. «Құқықтық база» бөлімінде e.rukdo.mcfr.kz техникалық қолдау мамандары ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды уақытылы қадағалап, құжаттарды жаңартып отырады. Құжаттарды оқыңыз, жинақтарды сақтаңыз және жүктеңіз.