Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылы әкімдігінің "Еркетай" бөбек-жайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 2018 жылдың наурыз айынан бастап балаларды сусындатып келеді. Гульнур Жазбекқызы басқарып отырған "Еркетай" бөбек-жайы 2018 жылы 20 наурыздан бастап еліміздің мектепалды мекемелерінің қатарына толықтырды. 50 балаға ықшамдалып жасалған ауылдық бөбек-жайда, бүгінгі таңда 2 және 5 жас аралығындағы сәбилер тәрбиеленуде. Мекемеде балаларды жан-жақты танып, олардың дамуына аса мән беріп отырған 20 қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 8 педагогтың барлығы - білімді, білікті маман иелері. 2021 жылы меңгеруші лауазымдық атауы "директор" атауына ауысты. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қарағанды облысы білім басқармасының "Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Еркетай" бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып ауысты.
2022 жылдың 1 тамызынан бастап Ұлытау облысы білім басқармасының "Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Еркетай" бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып ауысты.