Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "ЕрТөстік" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
"Ер Төстік" бөбекжайы КМҚК Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі мектепке дейінгі балаларға тәрбие беретін коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 1968 жылы орыс тілінде тәрбиеленетін Қарағанды Теміржол бөлімшесіне бағынышты № 24 "Колокольчик" мемлекеттік балалар комбинаты деген атаумен ашылған. 1998 жылға дейін Алматы темір жолына қараған. Бөбекжай 2001 жылдан бастап Жаңаарқа ауданының білім бөліміне қарайды. Жалпы алаңы 1050,9 шаршы метр, екі қабатты. 140 орынға арналған 6 топ бар.
Атауы: №24 "Колокольчик" болған. 1969 жылы "балалар комбинаты" атауынан "бөбек-жай" атауына өзгертілді. 1969 жылы № 145 "Колокольчик", 1977 жылы № 77 "Колокольчик", 1979 жылы № 153 "Колокольчик", 1982 жылы № 70 "Колокольчик", 1998 жылы қайтадан № 24 "Колокольчик" болып ауысқан. 2001 жылы № 303-Ц бұйрығы бойынша мемлекеттіктен коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға өзгертілді. Оқу-тәрбие үрдісі орыс тілінде жүргізілген. 1970-1975 жылдары аралығында түнгі ауысымда 1 топ жұмыс жасаған. 2005 жылы аудан әкімдігінің №535 қаулысы бойынша "Колокольчик" атауы "Ер Төстік" бөбек-жайы болып өзгертілді. 90 жылдардың қиын кезеңдерінде ауыл, аудан балабақшалары және қаланың да біраз балабақшалары жабылған кезде аудан басындағы 8 балабақшаның 7 жабылып, жалғыз "Колокольчик" қазіргі "Ер Төстік" бөбекжайы қалған, 1969 жылдан үзіліссіз 53 жыл жұмыс атқарып, бүгінгі күнге дейін 1500 баланы саналы тәрбиелеп мектеп табалдырығына шығарып салды. Бүгінгі танда ұжымда 41 қызметкер жұмыс атқарады. Әр жылдағы меңгерушілер: Р.К.Дмитриева (1968-1984), И.В.Агина (1984-1994), Е.В.Меньшикова (1994-2006). 2006 - 2022 жылдары К.З.Кадина басшылық еткен. 2022 жылдың ақпан айынан бастап Абенова Гульнар Абаевна директор қызметін атқаруда.