Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырылуы туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы 2014 жылы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізінде жүзеге асырылады.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
«Білім туралы» Заңының 8 - бабы 2- тармақшасына сәйкес ақша жинауға жол бермеу мақсатында мектепте 2020 жылдың 28 қыркүйекте «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақшалай қаражат жинауға тиым салу туралы» №73 А бұйырығы шықты. Аталған бұйрықпен барлық мектеп ұжымы таныстырылды.
Мұғалімдер мен оқушылар арасында 2020-2021 оқу жылына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектепте жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспар бойынша жұмыстар жүйелі түрде орындалды.
«Сыбайлас жемқорлық пен күрес және оның алдын алу» және «Адал ұрпақ» ұйымының стендтері бар.
Тұрғылықты халыққа құқықтық көмек көрсету аясында «ашық есік» күндері өткізілді.
Құқық бұзушылық алдын алу мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс әрекеттерді, ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде оқушылар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «сенім жәшігі», «Сенім телефоны» бар.
Ата-аналар ұжымы алдында мектепке бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулері өткізілді.
Кітапханада «Өзіме өзім қорғаушымын» нормативтік-құқықтық әдебиеттер көрмесі жасалған.
Мектеп әкімшілігінің тарапынан әр түрлі шығыстарға ақша жинау туралы ата-аналар арасында сауалнама алынды.
Бүгінгі таңда мектепте «Адал ұрпақ» ерікті клубы жұмыс жасайды. «Адал ұрпақ» клубының мақсаты - оқушыларды рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттық рухта тәрбиелеу, оқушылардың саяси құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлқын қалыптастыру. Ұйымға 8-10 сынып оқушылары қабылданған. Жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілген. Жұмыстар жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаттары» жүйелі түрде 1-11 сыныптар арасында өткізіліп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс», «Жемқорлық індет- күресу міндет» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізу, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» плакаттар конкурсы (5-7 сыныптар), «Елімнің болашағы – менің қолымда» сыбайлас жемқорлыққа қарсы шығармалар конкурсын (8-9 сыныптар) ұйымдастыру және «Менің азаматтық ұстанымым» дөңгелек үстел (10 сыныптар), «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» эссе конкурсын (11 сыныптар) өткізу жоспарланған.
Тәрбие ісінің меңгерушісі А.Акимова
Жемқорлыққа қарсы күрес(эссе,суреттер)