Б.Амалбеков атындағы ЖОББ(РО) мектебінде асхана жұмысы туралы ақпарат
Мектеп асханасында 2022 жылдан бастап ИП «Сулейменова Ж.К.» мен Жаңаарқа аудандық «Мемлекеттік активтер мен сатып алу» мемлекеттік мекемесі арасында келісім шарт арқылы жұмыс істейді. Асханада 1 аспаз, 1 кондитер және 2 көмекшісі жұмыс істейді. Қызметшілерінің барлығыда міндетті профилактикалық дәрігерлік байқауының нұсқаулығына сәйкес медициналық тексерістен мезгілінде өтуде.
Асханада аз қамтылған, көп балалы және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған отбастары балаларына бір мезгіл ыстық тамақ 16 оқушыға беріледі. 1-4 сыныптардан барлығы 323 оқушы тамақтанады. Тамақ І және ІІ ауысымда беріледі.Күн сайын мектеп әкімшілігі тарапынан бекітілген кесте бойынша кезекшілік ұйымдастырылған.Тексеріс жұмыстарына арнайы мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитетінің төрағасы бірлескен бракераж комиссиясы басшылық етеді.Асханада тамақтануды ұйымдастыруды бақылау мақсатында бракераж комиссиясы бір айда екі рет тексеріліс жүргізіп, актісін толтырады.Облыстық СЭС басқармасымен келісіліп құрастырылған және мектеп директорыменбекіткен апталық ас мәзірі бойынша ас әзірленеді. Ас мәзірі күнделікті мектептің электронный журнал «Bilimal» салынып отырады. Ата-аналар электронды күнделіктен танысып отырады. Сынама тәуліктік тоңазытқышқа қойылып тұрады.
Мектептің 880 оқушысы мен мектепалды даярлық, шағын орталық тәрбиеленушілері буфет тағамдарымен қамтылуда. Буфет тағамдары әр түрлі және сапасы ұдайы тексеріліп тұрады.
Тез бұзылатын тағам түрінің сақталуы қатаң бақылауда, өнімдері дұрыс сақталу үшін берілген тоңазытқыш жұмыс істеп тұр. Тағам өнімдерін күнделікті әкеліп тұрады, СанПИН нормаларына сәйкес сертификаттары жинақталған.
Асхана тазалығын мектеп медбикесі қатаң қадағалауда. Ас бөлмесінің санитарлық –гигиеналық жағдайы барлық талаптарға сай, ыдыс –аяқтары уақытылы және таза жуылады, дезинфекциялық заттармен ас ішетін, ас әзірлейтін бөлмелердің, үстел беттерін 1% хлорамин ертіндісімен сүртіледі. Асханада «Аспазшы бұрышы», «Ас мәзірі» стенділері ілініп тұр.
Мектеп мұғалімдері мен оқушылары асхана тағамдарының көптеген түрлері мен сапасына, дәмділігіне үнемі асхана жұмыскерлеріне ризашылығын және жақсы лебіздерін білдіреді.
Айтжанова Айзада Халыковна