Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Мектеп көшесі, 43
2-75-42, 2-81-09
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 47
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 651
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Директордың парақшасы

 

Бибосынов Сұлтан Сексенбайұлы – физика пәнінің мұғалімі, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман.

Туған жылы: 08.12.1959

Ұлты: қазақ

Еңбек өтілі: 32 жыл

Лауазымы бойынша еңбек өтілі: 27 жыл

Оның ішінде осы білім мекемесінде: 1-шіжыл

Білімі: жоғары, Қарағанды Мемлекеттік университетінің физика факультетін 1983 жылы бітірген.

Біліктілігін арттыру туралы мәлімет: Қарағанды мұғалімдер білімін жетілдіру институты 2008 жыл, № 0000727

Марапатталуы:

ҚР Білім және Ғылым министрлігі Қарағанды облыстық Білім департаменті Құрмет  Грамотасы,1999 жыл.

Облыстық Білім Департаменті Грамотасы,2001 ж;

Жаңаарқа ауданы әкімі мен мәслихаттың Құрмет Грамотасы, 2007ж;       

Қарағанды облысы әкімінің білім саласындағы арнайы сыйлығы, диплом және сертификат иегері,2007 ж;

Электрондық оқыту (е-learning) жүйесін енгізуді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету үшін Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының сертификаты,2011ж;

Жыл қорытындысы бойынша өз мамандығының үздігі сертификаты,2007ж ;

Аудан әкімі мен маслихатының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше еңбегі,жоғары кәсіптік шеберлігі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін құрмет грамотасы,2011ж;

«Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы физика пәнінен ауыл мектептері арасында өткен І облыстық олимпиадасына оқушылар дайындағаны үшін мадақтама,2014ж;

«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгісі иегері,2013жыл.

           Бибосынов Сұлтан Сексенбайұлы физика пәнінен дәріс береді. Өз мамандығын жетік меңгерген. Әр сабағына үлкен жауапкершілікпен әзірленіп, оқушыларына жан – жақты білім беруде.

Көп жылғы еңбек еңбек жолында жеткен жетістіктері осы сөзімізге куә.

Сұлтан Сексенбайұлы үнемі әріптестерімен өз білгенін бөлісіп отырады.

Осы оқу жылында мектебімізде 11 сыныпта «АЭС» тақырыбында пресс

конференция іскерлік ойын сабағын жоғары дәрежеде өткізді.

Мұғалімнің жұмыс істейтін тақырыбы: Оқушылардың«Физикалық ой өрісін

қалыптастыру үшін сапалы есептерді шығару»; «Оқушылардың танымдық

белсенділігін арттыру»

         Әр сабағында демонстрация көрсетіп, тәжірибе жасау, лабораториялық жұмыстар жүргізу, АКТ оқыту құралдарын қолдану жақсы жолға қойған.

         2009-2010 оқу жылында аудандық президенттік пән олимпиадасында 11сынып оқушысы Жылтыркөзов Жалғас І орын иеленіп , облыстық президенттік олимпиадаға қатысты.

2011,2013 оқу жылдары екі оқушысы Салкебаева Мадина, Баделхан Инкар«Алтын белгі» иегері атанды.

2012-2013оқу жылы 9 сынып оқушысы Темірхан Гүлдана физика пәні бойынша  аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларда, президенттік олимпиадаларда  жүлдегер болды.

2013-2014оқу жылы физикадан ауыл мектептері арасында өткен                               І облыстық олимпиадада 10 сынып оқушысы Төлешова Шакизат, Мустафина Ж. жеңімпаз болды.

         Бибосынов Сұлтан Сексенбайұлы әріптестері алдында зор беделге ие. Ол өз мамандығын жанымен сүйе білген, оның қыры мен сырын толыққанды меңгерген маман.