Атасу кенті, Мектеп көшесі, 43
2-75-42, 2-81-09
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
АДМИНИСТРАЦИЯ

Садвакасова Ақтоты Алпанқызы

директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары

      Садвакасова Ақтоты Алпановна 1 қаңтар 1975 жылы туған,  оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметінде 15 жыл, білімі жоғары, 1996 жылы  Қарағанды мемлекеттік университетін  математика және информатика пәнінің мұғалімі  мамандығы  бойынша бітірген, педагог-зерттеуші, еңбек өтілі 25 жыл.

         Садвакасова Ақтоты  О.Жұмабеков атындағы орта мектепте 1996 жылдан бастап математика және информатика пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған. 2006 жылдан бастап осы мектепте оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары болып жемісті еңбек етіп, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінде» оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқаруда.

      Төмендегідей білім жетілдіру курстарынан өткен:

  • 2017 жылы Қарағанды қаласы Педагогикалық шеберлік орталығында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсын аяқтады.
  • 2014 жылы Алматы қаласы «Өрлеу» БАҰО АҚ  «Жаңа технологияларды еңгізу жағдайында білім сапасын басқару» атты толық курсынан өтті.
  • 2020 жылы «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» атты курсынан өтті.
  • 2018 жылы жаңартылған білім мазмұны бойынша математика пәнінен толық курстан өтті.

      Жұмыс нәтижесі:

  • 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығының» Халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуінің (TALIS) негізгі  кезеңін ұйымдастырып өткізуге белсене атсалысқаны үшін Алғыс хат.
  • 2020 жылы  ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығының» халықаралық «PIRLS-2021» зерттеуі бйынша арнайы сертификат.
  • 2019 жылы 8-сынып оқушылары арасында математика пәнінен өткізілген Б.Амалбеков атындағы облыстық олимпиаданың өтуіне қомақты үлес қосып, Қарағанды облысының білім басқармасының Алғыс хат.
  • 2017 жылы Республикалық «Рухани жаңғыру: тарих және тұлға атты ғылыми-пратикалық конференцияға қатысып, Грамотаға ие болды.
  • 2020 жылы Республикалық «Өрлеу» және «Атамекен» ғылыми-әдістемелік орталығында «Математика пәні бойынша оқушылардың фунционалдық сауаттылың арттыру мәселелері» атты әдістемелік өнімі жарияланды.
  • 2019 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналында сабақ жоспары жарияланып, Құрмет грамотасына ие болды.
  • 2020 жылы Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» сайысында ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
  • 2019 жылы мектепте өткен «ХХ ғасыр адамы» ҚР Жоғары математика ғылымдарының докторы Т.Ә.Көкетаев атындағы аудандық оқушылар арасында өткен ғылыми-практикалық конференциясының редакция алқасының мүшесі болып, өтуіне үлес қосты.
  • Республикалық «Білімді ел» газетінде «Халықаралық TALIS- қуатты құрал», «Серпін берген бас құжат», Орталық Қазақстан «Халықаралық  TALIS-2018 зерттеу» және аудандық Жаңаарқа газеттерінде бірнеше мақалалары жарияланды.

     Марапаттары:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты-2019жыл
  • Қарағанды облысының білім басқармасының Алғыс хаты 2018, 2019 жж.
  • Аудан әкімінің Құрмет Грамотасы 2017 ж.
  • «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хаты 2019ж.

Аханова Гульмира Рахметқызы

директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары

   Аханова Гульмира Рахметовна Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітірген. Жалпы еңбек өтілі-25 жыл Білімі жоғары, педагог-зерттеуші. 1996 жылы аталмыш мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қабылданды,2013 жылдан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқаруда.

  Мектептің даму стратегиясын,әдістемелік кеңес жұмыстарын инновациялық тұрғыда дамытып оқу-тәрбие жұмыстарын нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде жүргізуде Гульмира Рахметовна өзін ізденімпаз ұстаз,жаңашыл басшы,өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман ретінде көрсетіп келеді.Оған негіз:

Жетістіктері:

-2017 жылы «Қазіргі білім беру үрдісі:Тәжірибе,дәстүр,инновация атты Халықаралық ғылыми-практикалық конкурсында дипломға ие болды.

-2017 жылы «Ұлттық руханият және Қаздауысты Қазбек би мұрасы атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып мақаласы жинаққа енді.

-2017 жылы Республикалық «Қазіргі Қазақстан Мектебі» журналында өлеңдері жарияланды

-2017 жылы «оқу мен оқытуды жаңарту-нәтижеге жеткізетін күш» аймақтық педагогикалық оқуларға қатысып «Білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа енді.

-2017 жылы «Рухани жаңғыру:Тарих және тұлға тағылымы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында мақаласы жинаққа енді.

-2018 жылы «Тіл танудағы ірі тұлға» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып Алғыс хат иеленді мақаласы жинаққа енді.

-2018 жылы «Ұстаз мерейі биік болса- шәкірт отаншыл» кітабында «Мектептің кемел келешегі» атты мақаласы жарық көрді.

-2019 жылы мектеп базасында 8-сынып оқушылары арасында математика пәнінен өткізген   Б. Амалбеков атындағы облыстық олимпиадасын ұйымдастыруда ерекше үлес қосып,Қарағанды облысының білім басқармасының Алғыс хатына ие болды.

-2019 жылы мектебімізде өткен «Ғасыр адамы» ҚР Жоғары математика ғылымдарының докторы Т.Ә.Көкетаев атындағы аудандық оқушылар арасында өткен ғылыми-практикалық  конференциясында шыққан жинақта редакция алқасының мүшесі

-2019 жылы Республикалық байқауда жүлдегер дайындаған үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Грамотасымен марапатталды.

-2020 жылы Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. 

Республикалық Білімді ел  газетінде мақалалары «Жаңашылдық- табысты білім кепілі»,Таратуға тұрарлық идеялар» және аудандық Жаңаарқа газетінде бірнеше мақалалары жарық көрді.

     Гульмира Рахметовна мектеп педагогтарының біліктілігін арттырып,кәсіби байқауларға қатысуын ұйымдастыруға басшылық етеді.

Мектепішілік бақылауды басты назарда ұстаған Гульмира Рахметовна  «Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында өзекті мәселені басшылыққа алуда.                                                                                                                                                                                                  Мектеп тәжірибесінде түрлі жобалармен жұмыс жүргізуде координатор ретінде атқарып жатқан жұмыстары жетерлік.                                                                                                                                                               Жалпы білім беру мектептерінде  білім берудің инновациялық моделін қалыптастыру қазіргі заманғы білім берудің обьективті қажеттілігі болып табылады.Осыған орай 2016-2017 оқу жылы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы тәжірибесін трансляциялау сертификатына ие болғанан бастап көшбасшылық қасиетті дамыту арқылы серіктес мектептермен жобаны ынтымақтастықта жүзеге асыруда көптеген жұмыстар атқарды.

Гульмира .Рахметовна әдістемелік қызметті шығармашылық сипатта құрып,әріптестеріне кәсіби қолдау көрсету арқылы тәжірибелі ұстаздармен,жас мамандармен,тәлімгермен бірлесе жұмыс атқаруда көптеген жетістіктерге қол жеткізуде.Табысты жетістіктері үшін Гульмира Рахметовна төмендегідей марапаттарға ие болған:

-Қарағанды облысы білім басқармасының Алғыс хаты 2017 жыл

-«Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хаты 2019 жыл

-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты-2021 жыл

    Гульмира Рахметовнамектеп өмірінде инновациялық әдістемелік идеяларды енгізіп жүрген жаңашыл көшбасшы,үздік тәлімгер.   

 

 

 

Айтжанова Айзада Халыққызы

директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары

       Біліктілігі педагог-зерттеуші, география пәнінің мұғалімі.   Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. 2015 жылдан бастап Б.Амалбеков ат.тірекмектебі (РО)  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасайды. Еңбек өтілі–26жыл.   2016 жылы Қарағанды облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2014 жылы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының Өлке тарихын зерделеу мақсатында ұйымдастырылған «Жаңалықтар әлемі-2014» облыстық жоба форумына жоғары дәрежеде көрме ұйымдастырғаны үшін Алғыс хат, 2016 жылы Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» АҒӘОрталығының   «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған «Менің елім- Қазақстан» атты «ШағынЭКСПО-2016» облыстық көрме-форумына аудан оқушыларын дайындағаны үшін Алғыс хат, 2017 жылы «Отаныма деген менің бастамам»атты облыстық шығармашылық жобалар байқауына оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 

 

   

                                                                 

Аманжолова  Гульназ     Жумажановна

директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары

       Аманжолова Гульназ Жумажанқызы, 1981 жылы Жаңаарқа ауданы , Атасу кентінде дүниеге келген. 1998-2002жж. Қарағанды қаласы, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ –де филология факультетінде  , 2002-2004 жж. осы сала бойынша магистрлік бөлімде оқыды. Еңбек жолын 2005 ж. Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастады.

Жалпы педагогикалық өтілі – 16 жыл.

Ғылыми дәрежесі –филология ғылымдарының магистрі.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына 2011 ж. 1-қыркүйекте

тағайындалды.

Лауазымдағы еңбек өтілі –  10 жыл.

2020 жылы ақпан айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогоикалық шеберлік орталығы әзірлеген оқушыдардың кәсіби бағдары бойынша мектеп директорларының тәрбие жұмысыжөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтті. ( Қарағанды қ. Педагогикалық шеберлік орталығы. 2020 ж. БЖ № 131810

 Гүлназ Жұмажанқызы мектептің тәрбие саласын дамыту жолында елеулі еңбек етіп келеді. Оған төмендегі жұмыс нәтижелері дәлел бола алады.

2018 жылы «Үркер» шығармашылық орталығы ұйымдастырған республикалық «Ұлы бала дарыны» байқауына дайындаған шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Үздік жетекші» атағымен марапатталды.

Дәл осы жылы Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдени, рухани келбетінің қалыптасуына, оның ішінде аймағымызға тіл саясатын жүзеге асыруға сүбелі үлес қосып, мемлекет алдындағы міндетін адал да қалтқысыз атқарған ерен еңбегі үшін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармадан Алғыс хат алды.

2019 жылы азаматтық белсенділігі үшін «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының Алғыс хатымен марапатталды.

2019  жылы Қарағанды облысындағы тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі мен жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беруде атқарған елеулі еңбегі үшін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2019 жылы 03-05 маусымда өткізілген жол қозғалысы жас инспекторларының облыстық ХХ қатысқан командалар арасында мектеп командасы ІІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

Гүлназ Жұмажанқызы жан - жақты тұлға қалыптастыру мақсатында нәтижелі жобаларға жетекшілік етеді. Атап айтар болсақ, «Жыл оқушысы», «Жеті жұлдыз» жобалары.

Жеті жұлдыз жобасы республикалық «Білім айнасы» газетінің www.bilimainasy.kz сайтында және «Білім айнасы» журналында жарияланды.

Сонымен қатар облыстық «Өнегелі өмір», «Бір отбасы-бір кітап» жобасы  аясында да қажырлы еңбек етуде. Осы мақсаттағы жұмыстары жергілікті «Жаңаарқа» газетінде жарияланды.

2020 жылы мектеп оқушылары арасында өткізілген «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңінде оқушыны жоғары деңгейде дайындағаны үшін Қарағанды облысының білім басқармасының Алғыс хатына ие болды. 

2020 жылы өткен Алаш ардақтысы, ақын,жазушы, көсемсөз шебері Міржақып Дулатовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Жас қазақтар, қайдасың?..» облыстық Міржақып оқуларына қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін оқушысы Жақанова Аида ІІ дәрежелі дипломмен, жетекшісі Гүлназ Жұмажанқызы Алғыс хатпен марапатталды.

2020 жылы «Әдіскер әлемі» республикалық оқу -әдістемелік журналына «Жаңартылған білім беру мазмұнында қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың танымдық, зерттеушілік дағдыларын дамыту концептілері мен инновациялық игіліктер» атты әдістемелік көмекші құралы жарияланды.

2021 жылы жас ұрпақты тәрбиелеуде қосқан үлесі  үшін аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. «Бір баланы адам етіп өсіруден бір шаһарды абат ету жеңіл» дейді көне шығыс даналығы. Осы салыстырудың өзі-ақ Гүлназ Жұмажанқызының  мектеп оқушыларын шын мәніндегі білікті, білімді, өнегелі тұлға етіп қалыптастыру мақсатындағы тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру жауапкершілігінің қаншалықты жоғары екенін көрсетсе керек. Ол бұл игі істі жолға қою үшін өзінің уақытын да, күш-қуатын да аямай еңбектенуде.

  

Игенов Еркебулан Даулетбаевич

директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары 

Игенов Еркебулан Даулетбайұлына, 1984 жылы Жаңаарқа ауданы , Атасу кентінде дүниеге келген. 2002-2007жж. Қарағанды қаласы, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ –де шет тілдері факультетінде оқыды. Еңбек жолын 2007 ж. Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде бастады.

Жалпы педагогикалық өтілі – 13 жыл.

Директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары лауазымына 2017 ж.    5-қазан айында тағайындалды.

Мектеп басшысы ретінде біліктілігін арттыруы:

2017 жылы «Ағылшын тілі пәні бойынша коммуникативті оқыту әдісін үйрету» ДББҰ Педагогоикалық шеберлік орталығы әзірлеген курстан өтіп, TKT CLIL әдістемесінің Band 3 деңгейін алды. (Қарағанды қ. Педагогикалық шеберлік орталығы. 2017 ж. Куәлік тіркеунөмірі № 793, сертификат нөмірі №0060355468

 Еркебулан Даулетбайұлы тірек мектебіне қарасты серіктес мектептердің тәрбие және білім, оқушыларға кәсіптік бағдар беру салаларында елеулі еңбек етіп келеді. Оған төмендегі жұмыс нәтижелері дәлел бола алады.

2017 жылы «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін тарату үшін сертификат берілді.

2017-2019 жылдар аралығында, серіктес мектептер арасында «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін тарату жолында үлкен үлесін қосты.

2019 жылы, 8 сынып оқушылары арасында математика пәнінен Б.Амалбеков атындағы облыстық олимпиадасының өтуіне үлес қосқаны үшін алғыс хат алды.

2020 жылы, Тірек мектебінің және тірек мектебіне қарасты серіктес мектептері оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысында елеулі еңбегі үшін Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің ректоры Е.Б.Аймағамбетовтың алғыс хаты берілді.

Ол лауазымдық міндетін атқару барысында өзін білікті маман екенін көрсете білді. Магниттік мектептерге сессия және сессияаралық жұмыстарды ұйымдастырып, және өткізілу барысында әр сабақтың сапалы өтуіне ден қояды.

Еркебулан Даулетбайұлын адамдармен жақсы тілтабыса білетін, сыпайы, ұжымда және серіктес мектептері арасында үлкен абыройға ие тұлға ретінде танимын.

Марапаттары:

Аудан әкімінің алғыс хаты: 2010ж, 2012ж, 2015ж,

Аудан әкімінің құрмет грамотасы 2016ж

 

Асамиданов Жаскайрат Мустафаевич

директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі  орынбасары

     Біліктілігі педагог-модератор, информактика пәнінің мұғалімі.   Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бакалавыры. 2015 жылдан бастап Б.Амалбеков ат тірек  мектептбі (РО) информатика пәнінің мұғалімі болып, 2021жылдан бастап директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасайды. Еңбекөтілі–9 жыл.