Атасу кенті, Мектеп көшесі, 43
2-75-42, 2-81-09
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 244
жаман - 48
жақсы - 37
жай ғана - 34
жауап беруге қиналамын - 22
Барлығы дауыс берді: 385
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда59336
Бір айда4017
Бір аптада562
Кеше26
АДМИНИСТРАЦИЯ

Садвакасова Ақтоты Алпанқызы

директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары

Қарағанды мемлекеттік университетінің  математика және информатика пәнінің мұғалімі  мамандығы  бойынша бітірген, жоғары санатты маман, еңбек өтілі 20 жыл.

Мектеп басшысы ретінде Ақтоты Алпанқызы үнемі білімін жетілдіріп отырады, атап айтсақ:

-          2014 жылдың сәуір айында Алматы қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Жаңа технологияларды енгізу жағдайындағы білім сапасын басқару» тақырыбында курстан өтті;

-          2017 жылы Қарағанды қаласында Педагогикалық шеберлік орталығының филиалында  «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтті.

Ақтоты Алпанқызы – жаңашыл тәлімгер. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуге, өз мамандығы бойынша ізденуге, озық үлгідегі іс-тәжірибелердің тиімдісін ала білуге үйретуден еш жалыққан емес. Соның нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге ие болған:

-          2015 жылы республикалық  «ustazbol.kz» ұстаздар порталында  «Жас мамандармен жүргізілетін жұмыс жүйесі» атты жұмысының электрондық нұсқасы жарияланды;

-          2015 жылы халықаралық kopilkaurokov.ru сайтында «Күрделі функцияның туындысы» тақрыбындағы сабақ әзірлемесі жарияланды;

-          2016 жылы «Түлек-2016» акциясы аясында оқушыларды ҰБТ дайындап, іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Қарағанды облысының білім басқармасының, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сертификаты берілді;

-          2013 жылы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай өткізілген «Мағжан тағылымы-3» республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Дарынды шәкірт-білікті ұстаздан» жұмысы жинаққа енген;

Марапаттары:

-  Облыстық білім басқармасының жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне оқушыны дайындағаны үшін Мадақтамамен марапатталды. 2014ж.

- Аудан  әкімінің Алғыс хаты – 2016, 2011, 2012жж.

Аханова Гульмира Рахметқызы

директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары

Аханова Гулмира Рахметовна Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінде  1996 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  дәріс беріп  келеді. Алғаш еңбек жолын бастаған күннен бері әр сабағына жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты дайындалу ұстаз үшін бұлжымас ереже. Білімін жетілдіре отырып,  жаңа заман талабына сай шәкірт дайындап шығару алдына қойған басты мақсаты.

   Гулмира Рахметовна   жаңа технологияларды әсіресе Қ.Бітібаеваның «Сын тұрғысынан ойлау»,Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту» әдістемелік технологияларын күнделікті сабағына кеңінен қолданады. Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында да тың ізденістермен тынымсыз жұмыс жасайды. Соның нәтижесі оқушылары аудандық, облыстық олимпиада мен республикалық сайыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр. Ұстаз еңбегінің жемісі-шәкірті десек, соның айғағы ретінде  2012-2013 оқу жылында  дарынды балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында облыстық драмалар  сайысында оқушылары   І орынға ие болды.10-сынып оқушысы Асылбекова Ақерке «Халықаралық ғұмырдария» байқауының көркем сөз номинациясы бойынша дипломант атанды.2013-2014 оқу жылында 11- сынып оқушысы Қияшева Альмира «Тарих және тағылым» атты облыстық ғылыми жобалар сайысында ІІ орын иеленді. VІІ облыстық «Әдістемелік вернисаж» Педагогикалық жұмыстар ашық фестиваліне педагогикалық тәжірибесін ұсынғаны үшін  Гүлмира Рахметовна облыстық білім басқармасының грамотасымен марапатталды. 2012-2013 оқу жылындағы облыстық пәндер олимпиадасында 11  сынып оқушысы Тынысбаева Қарлығаш ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2014-2015 оқу жылдары оқушысы Пазылова Ақниет «Тұлға» халықаралық сайысында көркемсөз оқу номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын, 2016 жылы тәуелсіздіктің 25  жылдығына орай  Жезқазған  қаласында  өткен  «Тәуелсіз елге-25 жыл» оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясында мақаласы жинаққа енді. «Инновациялық Жаңаарқа - 2017» көпсалалы кәсіби бағдарлау конкурсының «Мен өз ісімнің шебері боламын» бағыты бойынша үздік жұмыс дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

    Гулмира Рахметовна бүгінде  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін  атқарады. Мектеп өмірінде инновациялық әдістемелік идеяларды енгізіп жүрген жаңашыл көшбасшы.

    Оқушылардың өздік іздену жұмыстарын жетілдіруде дарынды оқушылармен үнемі дамыту жұмыстарын жүргізе отырып жақсы нәтижелерге қол жеткізген ұстаз.

 

Айтжанова Айзада Халыққызы

директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты география пәнінің мұғалімі.   Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. 2015 жылдан бастап Б.Амалбеков ат.ЖОББ мектебінің  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасайды. Еңбек өтілі–22жыл.   2016 жылы Қарағанды облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2014 жылы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының Өлке тарихын зерделеу мақсатында ұйымдастырылған «Жаңалықтар әлемі-2014» облыстық жоба форумына жоғары дәрежеде көрме ұйымдастырғаны үшін Алғыс хат, 2016 жылы Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» АҒӘОрталығының   «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған «Менің елім- Қазақстан» атты «ШағынЭКСПО-2016» облыстық көрме-форумына аудан оқушыларын дайындағаны үшін Алғыс хат, 2017 жылы «Отаныма деген менің бастамам»атты облыстық шығармашылық жобалар байқауына оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

 

Аманжолова  Гульназ     Жумажановна

директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.   Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистрі. 2005 жылданбастап Б.Амалбеков ат.ЖОББмектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, 2011жылдан бастапдиректордыңтәрбие ісі жөніндегіорынбасарыболыпжұмысжасайды. Еңбекөтілі–12жыл.   2014 жылы Аудандық ББ және спорт бөлімі, аудандық кәсіподақ кеңесінің мадақтамасымен және  БАҰО «Өрлеу» АҚ ПҚБАИ-дың Алғыс хатымен марапатталды.