2023 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес, ҚР БҒМ «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына байланысты «Оқушылар үйі» КМҚК-да әдеп кеңесінің отырысы өткізілді. Оған қоса, ҚР БҒМ «Педегог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VI ҚРЗ Заңындағы педагогтың құқықтары мен міндеттері, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына (өзгерістер мен тоықтырулармен) Заңына сәйкес қосымша білім беру педагогының толтыруы тиіс міндетті 5 (бес) құжаты туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» атты 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы бойынша қосымша білім беру педагогтары 5 жыл сайын біліктілік арттыру курстарынан өтуі туралы, “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Оқу – ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығына сәйкес педагогтарға аттестаттау қағидалары мен шарттары түсіндірілді. Сонымен қатар педагогтарды аттестаттау бойынша 2024 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін жаңа заң жобасы түсіндірілді.
Жүргізілген жұмыстардың арқасында «Оқушылар үйі» КМҚК ұжымы мүшелерінің арасында жақсы атмосфера, сыпайы қарым-қатынас, адалдық, әдептілік принциптері қалыптасқан.
«Оқушылар үйі» КМҚК-да әдеп кеңесінің отырысы өткізілді