Инновациялық тәжірибесін зерделеу жұмыстары жүргізілді
Қосымша білім беруде мемлекеттік білім беру тапсырысын кезең-кезеңімен ұлғайту мақсатында Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Оқушылар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында ауылдық жерлерден балалардың тұрғылықты жерінен қадамдық қолжетімділікте ашылған Ақтүбек ЖББМ «Жас суретшілер», «Ақиық» дебат үйірмесі мен Атасу ЖББМ «Сиқырлы саусақ», «Бала дарын» театр үйірмелерінің жұмыстарына «Оқушылар үйі» КМҚК әдістемелік бөлімінің әдіскерлері әдістемелік қолдау көрсетіп, үйірме жетекшілерінің шеберлік деңгейлері бақыланып, инновациялық тәжірибесін зерделеу жұмыстары жүргізілді.