Кәсіпорынның орналасқан жері: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, Ә.Оспанова көшесі, 36/1 – ғимарат.
.
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 56
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 724
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Оқушылар үйі» КМҚК – ның педагогикалық әдеп кеңесі
04-04-2023 18:20

«Оқушылар үйі» КМҚК – ның педагогикалық әдеп кеңесі туралы 2021 - 2022 және 2022 – 2023 оқу жылдарында атқарған жұмыстары

 

       2021- 2022 оқу жылынан бастап «Оқушылар үйі» КМҚК алғашқы білім алушыларды қабылдағаннан бастап, ұжым мүшелері оқу – тәрбие процесіне қатысты жұмыстарды жүйелі атқаруға кірісті. Соның бірі – ҚР БҒМ «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына байланысты атқарылған шаралар. Педагогикалық әдептің сақталуына мониторингі жасау мен профилактикасы, оның алдын алу мақсатында 2022 жылдың 01 қыркүйегінде  «Оқушылар үйі» КМҚК директорының  «Әдеп кеңесін құру туралы» №32 бұйрығы шықты. Бұйрық бойынша ұжымда әдеп кеңесінің отырысы өткізіліп, ұжым мүшелеріне ҚР БҒМ №190 бұйрығының әрбір тарауы, бабы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған қоса ҚР БҒМ «Педегог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VI ҚРЗ  Заңындағы педагогтың құқықтары мен міндеттері де түсіндірілді. Заң бойынша педагогикалық қызметке алғаш келген жас маман М.Ақтаева мен көп уақыттан кейін қызметке қайта келген К. Мусулманбековке тәлімгер болып, әдіскер С.Таласбаева бұйрықпен бекітілді. Өз кезегінде бұл екі ұстазбен тәлімгер аталған заңдар бойынша және оқу жоспары, сабақ жоспары, бағдарлама құрастыру, электронды журналмен жұмыс істеу тұрғысында жеке жұмыстар жүргізді. Барлық педагогтарға  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің  2020 жылғы 6 сәуірдегі  № 130 бұйрығына (өзгерістер мен тоықтырулармен) Заңына сәйкес қосымша білім беру педагогының толтыруы тиіс міндетті 5 (бес) құжаты туралы,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» атты 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы бойынша  қосымша білім беру педагогтары жоспарлы курстарға жіберіліп тұрады. Оқу жылының басында 4 педагог Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығында білім жетілдіру курстарында оқып келді. Қазір олар курстан кейінгі сүйемелдеу бойынша семинарларға қатысып, тәжірибелерімен бөлісуде. Үстіміздегі оқу жылы 03 сәуір мен 28 қазан аралығында аталған оқу – әдістемелік орталықта тағы 10 (он) педагог білімін жетілдіреді. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Оқу – ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығына сәйкес педагогтарға аттестаттау қағидалары мен шарттары түсіндіріліп отырады.

   Жүргізілген жұмыстардың арқасында ұжым мүшелері арасында жақсы атмосфера қалыптасып, түсінісбеушілік, педагогикалық әдеп қағидалары бұзылған жағдайлар болған жоқ.

 

 

Әдеп кеңесінің төрайымы                                                                   Ж.Куанышова