14 наурыз – мұсылман халықтарында Жер-Ананың иіп, ел қыстын қысылмай шыққан Амал күні-Көрісу күні болып есептеледі. Бұл күні ағайын бір-бірінің амандығын білісіп, жақсы тілектер айтып, ары қарай Наурыз мерекесін тойлауды жалғастырған. Ежелден тұрмысы төрт түлік малмен байланысты болған ата-бабамыз бір-бірімен «Мал-жаның аман ба?» деп жөн сұрасқан. Осы бір тамаша дәстүрімізді атап өтіп, жас ұрпаққа ата-баба салтын насихаттап, бойына сіңіру мақсатында Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Оқушылар үйі» КМҚК-ның ұжымы 14-20 наурыз аралығында жоспар бойынша әр түрлі іс-шаралар өткізуде.
14 наурыз - Амал күні әрқайсыңыздың шаңыраңығыңызға құт-береке, ағайынның амандығы мен татулығын тілейміз, ақ мол болып, Амалдан Амалға аман –есен жете берейік!
Көрісу күні