"Оқушылар үйі " КМҚК мекемесіндегі "Телестудия" үйірмесінің мұғалімі Куанышова Жадыра Кенжеқарақызының ұйымдастыруымен "Дүниежүзілік кітап сыйлау " күніне орай "Кітап-білім бұлағы" атты дөңгелек үстел "Түнгі кітапхана" тақырыбында өткізілді. Мақсаты: кітап оқуға, оны құрметтеуге, оқушылардың сөздік қорын байыту. Іс-шара кітаптың сиқырлы әлеміне баяу әуенмен керемет атмосферада болды. Оқушылар: Бердібек Соқпақбаевтің "Балалық шаққа саяхат ", "Менің атым Қожа ", Мұхтар Әуезовтің "Көксерек", "Абай жолы" роман эпопеясы, Бейімбет Майлиннің "Шұғаның белгісі", Сайын Мұратбековтың "Жусанның иісі", сынды шығармаларын талқылап, өз ойларын ортаға салды. Кешке аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Ерекше тыныштықта өткен бұл жоба келешекте өз жалғасын табады деген ниеттеміз.