13-14. 12.2022 ж. Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күніне арналған "Ұлы даланың жеті қыры" атты Республикалық балалар бейнелеу өнері және сәндік-қолөнері байқауы өтті. Байқауға Республиканың түкпір-түкпірінен 300- ден аса бала қатысып өнерлерін көрсетті.
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Тәуелсіздігімізді, ұлы даланың жеті қырын сезіне білген бүгінгі байқауға қатысқан әр бала қағаз бетіне түсіруге тырысты. Өнерлі балалар әділ қазы мүшелерін таңкалдырды.
Байқаудың мақсаты: Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Тәуелсіздіктің қалай келгенін ұрпақ санасына жеткізе білу, Ұлы даланың жеті қырын терең түсіндіру, толеранттылық пен рухани байлығын арттыру, оқушылардың бейнелі ойлауы мен нәзік эстетикалық талғамын дамыту, бейнелеу өнерінің негізгі түрлерімен жанрларына, шығармашылық қабілеттерін дамыту , әр түрлі бағытта қиялдарын дамыту, қолөнер, заманауи дизайн арқылы ой өрістерін дамыту.
Өнерлі балаларымызды бүгінгі жеңістерімен құттықтай келе, шығармашылық шабыт тілейміз! Оқушылар үйінен байқауға төрт оқушы қатысты. Бейнелеу өнері бойынша Құрақбай Ханшайым арнайы сертификатпен марапатталса, Дәулет Жансая ІІІ орынмен, Кәрібай Әмина ІІІ орын, Есенбаев Ерасыл ІІ орынға ие болды. Сәндік-қолөнер көрмесі бойынша Есенбаев Ерасыл І орынмен марапатталды. Жетекшілері: Тайкенов Д.Е. және Мекебаев К.Т.
Ұлы даланың жеті қыры