Размер шрифта:
↑Наверх
Кәсіпорынның орналасқан жері: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, Ә.Оспанова көшесі, 36/1 – ғимарат.
.
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Туған жер
15-12-2022 17:35

   Оқушылар үйі КМҚК мекемесінде 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күніне орай, «Туған жер» өлкетану үйірмесінің жетекшісі Ақтаева Мөлдір Төлегенқызы және «Телестудия» үйірмесінің мұғалімі Ұзақбаев Ерботаның ұйымдастыруымен «Желтоқсан желі» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты желтоқсаншыларды бір минут еске алумен басталды. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді,туған жерді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым. Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарды, желтоқсан құрбандарының ерлігін баяндау.
   Оқушылар өздеріннің дайындап келген өнерлерін ортаға салды.Атап айтсақ: Пазылов Е, Тайлақова М. «Тәуелсіздік» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыса, Тұрғанбай Н «Көңіл толқыны» күйін орындады және «Телестудия» үйірмесінің мұғалімі Ұзақбаев Ербота «Желтоқсан желі», «Аманат» әндерін орындап ыстық ықыласқа бөленді.Тәрбие сағатын Г.Сайлаубайқызы қорытындылап, сөз сөйледі.