Ата-аналар жиналысы
12 қазан күні Телестудия үйірмесінің жетекшісі Жадыра Кенжеқарақызының ұйымдастыруымен және "Оқушылар үйі" КМҚК мекемесінің әкімшілігінің атынан Шаханова Г.С, Таласбаева С.Р, және Ерденбаева А.Қ қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс мақсаты: үйірме жұмысының мақсаты мен міндеттері және 2022-2023 оқу жылындағы жоспарымен таныстыру. Жиналысқа ата-аналар белсенді түрде қатысып өз пікірлерін және алғыстарын білдірді.