Салт-дәстүр және дін
Жаңаарқа ауданы Жастар ресурстық орталығының жанынан ашылған дін мәселелерін зерттеу секторының теолог мамамы Абдикаримов Ғ.Ж. арнайы шақыртылып, өсіп келе жатқан жас буынға «салт-дәстүр және дін» тақырыбында әңгіме жұмыстары жүргізді.
Әңгіме барысында келесідей тақырыптар көтерілді:
- Қазақ халқының салт-дәстүрлері және оның мағыналары;
- Діни мейрамдар және олардың аталып өтуі;
- Діни және дәстүрлі салттар, олардың айырмашылығы;
- Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бекіткен арнайы сайттар және жалған ақпараттардың таралуы;
- Жалған ақпарат таратқан жағдайдағы жауапкершілік.