Мұражайға экскурсия
Оқушыларға мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, ескі табиғи заттардың қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру мақсатында Қаура Н.Ә. мен Маути А.Р. оқушыларымен Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи- өлкетану мұражайына барды.
Мұражай 4 бөлімнен тұрады.
«Дара тұлғалар» залы
«Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы» залы
«Жаңаарқа тарихы» залы
«Этнография» залы
Мұражайды таныстырып, оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берген мұражай басшысы Шубаев Ерболат Берікұлы.